Атырау, 11 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Барлық жаңалықтар

Мәскеуден мыңдаған мигрант шығарылды Әлемде

Мәскеуден мыңдаған мигрант шығарылды

Мәскеу полициясының 5-25 мамыр аралығында жүргізген "Нелегал-2016" және "Заслон-2016" арнайы операциялары барысында Ресейден бес жарым мың заңсыз мигрант шығарылды деп хабарлайды Азаттық. Полиция 150-ге жуық іздеуде жүрген қылмыскердің ұсталып, миграциялық заңнамаларды бұзудың 14 мыңнан астам фактісі анықталғанын және екі килограмға жуық есірткі мен 180-ге тарта қару-жарақ тәркіленгенін хабарлайды. 31 мамыр 2016, 10:38 2 125 просмотра
«Қазпочта» Австралиямен теңеседі Басқа жаңалықтар

«Қазпочта» Австралиямен теңеседі

Екі жыл бұрын «Қазпочта» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске қосылды. Атырауға бас кеңсенің өкілдері келіп, атыраулық әріптестерімен кездесті. Табысты жұмыс жасап жатқан өзгерістер туралы, күн сайын жұмыс кезінде пошташылар мен пошта бөлімдерінің операторлары бетпе-бет келетін проблемалар мен алдағы өзгерістер туралы әңгімелер айтылды. 31 мамыр 2016, 10:15 2 551 просмотра
Жылы каналдан қалай өту керек? Басқа жаңалықтар

Жылы каналдан қалай өту керек?

28 сәуірде «Ивановец» автокранының жүргізушісі салмағы 6 тоннадан астам көлікке жүруге шектеу белгісі қойылғандығына және опырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту маңдайшасына қарамастан, Жылы каналы арқылы салынған, жабын плиталары тозған көпірден өтіп кетеді. Көпір опырылып, кран каналға құлайды, жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалады («Автокран каналға құлады»). 31 мамыр 2016, 11:24 2 091 просмотра
Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды Қазақстанда

Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды

Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан "Дін терроризмге қарсы" халықаралық конференциясына қатысушыларға сөз айтты. Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 31 мамыр 2016, 10:20 1 405 просмотра
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстанда

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 31 мамыр 2016, 10:11 7 577 просмотра
Бұзаулар аусылдан емес, пастереллезден қырылды Басқа жаңалықтар

Бұзаулар аусылдан емес, пастереллезден қырылды

Атырау аумақтық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВ Махамбет ауданында үй жануарлары арасында аусыл індеті пайда болды деген қауесетті жоққа шығарды. 30 мамыр 2016, 20:20 2 254 просмотра
87 ел және халықаралық 15 ұйым "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын растады Қазақстанда

87 ел және халықаралық 15 ұйым "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын растады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 30 мамыр 2016, 17:10 2 356 просмотра
Иманғали Тасмағамбетовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды Қазақстанда

Иманғали Тасмағамбетовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері Иманғали Тасмағамбетовтың отставкаға кеткені және оның үй қамауына алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 30 мамыр 2016, 16:35 2 486 просмотра
Иран діндарлары биыл Сауд Арабиясына қажылыққа бармайды Әлемде

Иран діндарлары биыл Сауд Арабиясына қажылыққа бармайды

Сауд Арабиясы ирандық діндарлардың қажылық сапарына қатысты Иранның талаптарын қабылдамады. Эр-Рияд Тегеранның Сауд Арабиясы "Аллаға апарар жолға бөгет жасайды" деген айыптауын "өрескел" санайды,- деп хабарлады Baq.kz. 30 мамыр 2016, 10:18 2 209 просмотра
Мұхтар Тайжан Артур Платоновтан қазақты жамандамауды талап етті Қазақстанда

Мұхтар Тайжан Артур Платоновтан қазақты жамандамауды талап етті

Үкімет жанындағы Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан сол комиссияның тағы бір мүшесі, журналист Артур Платоновтан қазақты жамандамауды талап етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz. 30 мамыр 2016, 10:13 2 198 просмотра
Ердоған Ресей, Иран мен АҚШ-ты Сирияға қатысты сынады Әлемде

Ердоған Ресей, Иран мен АҚШ-ты Сирияға қатысты сынады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей, Иран және АҚШ-тың Сирия дағдарысына киліккенін сынап, олардың Сирия президенті Башар Асадты орнынан кетіруге құлықсыздығы сириялықтарға зардап шектіріп отыр деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. Ердоған бұл туралы 29 мамырда Осман империясының Византия астанасы Константинопольді (қазіргі Стамбул) алуының 563 жылдығын атап өтуіне арналған жиында айтты. Ол "Ресей мен Иранның Сирияда қандай бизнесі бар?" деді. 30 мамыр 2016, 10:07 3 141 просмотра
Қазақстандықтар футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирден көреді Қазақстанда

Қазақстандықтар футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирден көреді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» телеарнасы 10 маусым мен 10 шілде аралығы Фрнацияның 10 қаласында өтетін футболдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді,- деп хабарлады Baq.kz. 30 мамыр 2016, 10:03 1 780 просмотра
Иракта лаңкестер Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған жанкүйерлерді өлтірген Әлемде

Иракта лаңкестер Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған жанкүйерлерді өлтірген

Иракта төрт лаңкес Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған мадридтік "Реал" футбол клубының 12 жанкүйерін өлтірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап. 30 мамыр 2016, 09:58 2 075 просмотра
Балық аулау лимиті аз Басқа жаңалықтар

Балық аулау лимиті аз

Балық өндіруші және өңдеуші шаруашылықтардың басшылары балық аулау лимитінің жеткіліксіздігіне шағымданды. Олар осы мәселедегі тәсілді өзгерту жөніндегі өз тілектерін облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВҚА жеткізді. 28 мамыр 2016, 17:55 3 419 просмотра
Атырауда Ұлттық баспасөз клубы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда Ұлттық баспасөз клубы ашылды

27 мамырда Жарбосынов көшесінің бойындағы «Ақ Жайық» ЖШС-нің жаңа ғимаратында «Журналистика ардагерлерімен кездесу және Атырау қаласынан Ұлттық баспасөз клубының ашылуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. 27 мамыр 2016, 22:49 4 056 просмотра
Литва елшісі: «Қазақтар атамның тірі қалуына көмектескен» Басқа жаңалықтар

Литва елшісі: «Қазақтар атамның тірі қалуына көмектескен»

26 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Траян ХРИСТЕАМЕН, сонымен қатар, Нидерландының және Литваның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері Хенри ДРИССЕРМЕН және Витаутас НАУДУЖАСПЕН кездесті. 27 мамыр 2016, 16:36 2 898 просмотра