Атырау, 27 сәуір 06:15
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

АҚШ Сирияда "ақ фосфор қолданғаны" жайлы айыпты терістеді

1 961 просмотра


Сириядағы коалиция күштері тек негізі бар соққылар жасайды және қаруды халықаралық соғыс ережесіне сәйкес қолданады. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне сұхбатында АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Шон Робертсон мәлімдеген. Ол Сирияда нақты қандай қару түрлері қолданылатыны туралы айтудан бас тартқан.

Бұған дейін сириялық мемлекеттік SANA агенттігі жергілікті белсенділерге сілтеме жасап, халықаралық коалиция күштері Сирияның Дейр-эз-Зор аймағында әуе соққысы кезінде ақ фосфор қолданған деп хабарлаған. Агенттік дерек көздерінің сөзінше, ешкім зардап шекпеген.

1949 жылғы Женева конвенциясына қосымша хаттамалар ақ фосфорды қолдануға тыйым салады. АҚШ пен Израиль бұл хаттамаларға қол қоймаған.

АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық коалиция күштері 2014 жылдан бері Сириядағы радикалды исламшыл топтарға қарсы күрес жүргізіп жатыр. Коалиция Сирияның демократиялық оппозициялық күштеріне қолдау танытады. Ресей Сириядағы әскери операциясын 2015 жылы қыркүйектің 30-ында бастаған. Коалиция Мәскеуді Сирия президенті Башар Асадтың режимін қолдайды деп бірнеше рет айыптаған. Батыс елдері Асад билігі адам құқықтарын жаппай бұзып отыр деп айыптайды.

Дереккөз: azattyq.org

14 қазан 2018, 19:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.