Атырау, 25 сәуір 19:30
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Трамп Мэттистің қызметтен кетуі мүмкін екенін растады

962 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің отставкаға кетуі мүмкін екенін растады. Трамп CBSNews телеарнасына берген сұхбатында "кей жағдайларда демократ болып кетеді" деген пікір білдірді.

"60 minutes" деп аталатын бағдарламада Трамп Ақ үй әкімшілігінде өзінің "көңілі толмайтын" бірнеше қызметкер барын мойындады. Трамп тележүргізушінің "Мэттис қызметінен кетейін деп жатқан жоқ па?" деген сұрағына "Ол бұл туралы маған ешнәрсе айтқан жоқ. Бірақ әр адам белгілі бір уақытта қызметінен кетеді" деді.

Президент тележүргізушінің көп адам Ақ үйде "бей-берекетсіздік орнаған" деген пікірді ұстанатыны туралы сөзіне "Бұл - жалған ақпарат" деп жауап берді. Бірақ ол Ақ үйде кадрларды ауыстырып жатқанын да айтты.

CBSNews Джеймс Мэттис бір кездері Трамп пен оның ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джон Болтонға қарсы пікір білдіргенін айтады. Мысалы, 2017 жылы жазда Мэттис Пхеньянды ядролық қарудан бас тартқызу үшін Солтүстік Кореяға дипломатиялық шаралар қолдануды қолдаған.

Өткен аптада АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли осы жылдың соңына дейін Ақ үй әкімшілігінен кететінін мәлімдеген. CBSNews Хейлидің не себепті қызметтен кететіні белгісіз екенін айтады. Бірақ Хейли Ақ үй әкімшілігінен тыс қызметінде президентті қолдай беретінін мәлімдеген.

Дереккөз: azattyq.org

15 қазан 2018, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.