Атырау, 18 желтоқсан 00:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​50 Cent Хабиб Нурмагомедовпен келісімшарт жасасу үшін Дағыстанға ұшып келеді

1 808 рет қаралды

Америкалық рэп-орындаушы 50 Cent ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен Дағыстанда кездесетіні туралы хабарлады, әңгіме Bellator ұйымына ауысу туралы болады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін 50 Cent Нурмагомедовке UFC-ден Bellator ұйымына ауысу үшін екі миллион доллар ұсынды. Бұл ұсынысқа жауап ретінде Нурмагомедов оны Дағыстанға шақырды. 

"Мен Нурмагомедовтің ұсынысын қабылдадым және телесериалдың жұмыстары біте сала онымен, оның командасымен Дағыстанда кездеспекшімін", - деп жазды 50 Cent Instagram парақшасында. Кейін ол былай жазды: "Хабиб - жанасқан спорт түрлерінің жаңа тұлғасы, ол - нағыз керектің өзі, мен келісім жасасамын".     


Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста Нурмагомедов МакГрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 қазан 2018, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.