Атырау, 19 сәуір 02:13
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ЕО химиялық қару қолданғандарға санкция салу механизмін мақұлдады

1 596 просмотра

Сирия президенті Башар Асад пен Ресей президенті Владимир Путинге қарсы акция. Лондон, наурыз 2018 жыл.
Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері 15 қазанда химиялық қаруды қолданғандарға қарсы санкция салудың жаңа механизмін мақұлдады. Бұл туралы Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Брюссельдегі тілшісі хабарлады.

Жаңа механизм бойынша Сирияға және Солсбериде Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипальге қастандық жасауға байланысты Ресейге санкция салынуы мүмкін.

Еуропа кеңесінің бүгін министрлер жиынынан соң таратқан мәлімдемесінде жаңа механизм ЕО елдерінің "кез-келген елде және қай елдің азаматы болғанына қарамастан химиялық қару қолдануға қатысты жеке адамдар мен ұйымдарға санкция салуға" рұқсат беретіні айтылады. Санкцияға ілінгендердің Еуропа Одағы аумағына кіруіне тыйым салынып, активтері бұғатталады.

Мәлімдемеде жаңа санкция тізімі қашан мақұлданатыны және оған Ресей азаматтары мен ресейлік ұйымдар енгізілетіні, я енгізілмейтіні айтылмайды. Telegraph газеті бұған дейін санкцияға Ресей барлау қызметінің басшылары ілігуі мүмкін екенін жазған.

Санкция салу мәселесін Ұлыбритания мен Франция Сирияда және Солсбериде химиялық шабуылдар жасалған соң көтерген. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі санкция химиялық қару қолданған кез-келген елге салынатынын айтады.

Лондон Ресейдің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге "Ресей барлау қызметінің агенттері "Новичок" уын қолданып қастандық жасаған" деп санайды.

Дереккөз: azattyq.org

15 қазан 2018, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.