
Мұндай үрдіс әр отбасыға екі бала сүюге рұқсат берілгеннен кейін байқалды. Бір қызығы, әлемдік фабрика саналатын Қытай елінің өндірушілері ата-аналардың сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Қытайдың екінші бала жөніндегі саясаты ана мен балаға арналған өнімінің саудасына үлкен серпін әкелді.
Биыл бұл саланың айналымы 435 миллиард АҚШ долларын құрайды екен. Сауда министрлігінің мәліметінше, халық ең көп тұтынатын тауарларға балалардың тағамы мен көліккреслосы кіреді.
Babytree деп аталатын қытайлық веб-сайт бұл саланың қаржылық айналымы 2020 жылға қарай 600 млрд долларға жететіндігі туралы жазды. Цяо Сяогань Хэнань провинциясында тұрады. Ол тұңғышының ешнәрседен мұқтаж болмай өскенін қалайды. Сондықтан бағасы қымбат болса да сәбиіне қажетті тауардың ең жақсысын, ең сапалысын таңдайды. Әсіресе шетелдік өнімдерге басымдық береді. Оған өз жалақысының 40 пайызын жұмсайды.
Цяо Сяогань, ата-ана:
- Мен нәрестеге езіп беретін құрғақ сүтті, жаялықты, тамақ беретін қасыққа дейін шетел өнімін аламын. Ол өнімдерге сеніммен қараймын, сапасы жоғары. Өз өнімдерімен әлемнің тең жартысын қамтамасыз етіп отырған Қытай жұрты балаларына шетелдің құрғақ сүтін езіп бергенді құп санайды.
Сарапшылар: «бұл үрдіске әлеуметтік желілерде өнімге бейнешолу жасайтын ата-аналар себепкер болды», – дейді.
Халық балалар тағамын өндіруде 100 жылдық тәжірибесі бар брендтерге көп сенеді.
Сюй Цянь, ата-ана:
- Менің ойымша, шетелдік компаниялардың бұл салада ондаған, жүздеген жыл тәжірибесі бар. Сондықтан мен олардың ғылыми ізденістері мен өнертапқыштығына сенемін. Тауарларына күмән келтірмеймін. Қытайда электронды коммерция саласында балаға қажетті тауарлардың саудасы бірінші орында тұр.
Оның ішінде нәрестелерге арналған құрғақ сүттің көлемі бір жылда 52 мың тоннаны құрап отыр. Осылайша миллиардтық елдің миллиондаған нәрестесі әлемнің 70 елінен келетін тауардың 100 000 жуық түрін тұтынады.
Естеріңізге салайын, Қазақстан Қытайға құрғатылған бие және түйе сүтін шығару үшін үлкен жұмыстар істеп жатыр. Өзімізге тән бренд қалыптастырсақ, алып нарықта сұраныс арта бермек.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау 0