Атырау, 20 сәуір 10:05
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Дубай әуежайында жолаушыларды тексеруге 15 секунд кетеді

1 182 просмотра


Дубайдың халықаралық әуежайында жолаушыларды тексеруден өткізетін жаңа жүйе сынақтан өткізіле бастады. «Ақылды туннель» деп аталатын құжаттық тексеру адамның еш қатысуынсыз жұмыс істейді. Биометрикалық сканерлер орнатылған туннельде жолаушыларды тексеруге әдеттегі 2 минуттың орынына бар-жоғы 15 секунд кетеді. 

Саяхатшы алдымен «ақылды туннельдің» алдындағы қақпада тіркеуден өтеді. Одан кейін 80 камера орнатылған аквариум секілді туннельге кіреді. Жолаушы жан-жағына қарағанда көздің қарашығы, бет әлпеті түсіріліп, аты-жөні расталса, еденде жасыл шам жанады. Ал жолаушы тексерістен өтпесе қызыл жанады. 

Мохаммед Ахмед әл-Марри, БАӘ миграциялық қызметі басшысы: 

- Бұл жүйе алдымен ақпараттық технологиялар көрмесінде көрсетілді. Ал қазіргі мына жоба төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Жалпы «ақылды туннель» жүйесінде ең жаңа, бірегей технология қолданылады. 

Брюс Свенсон, америкалық саяхатшы: - Маған жүйе ұнады. Бастапқыда оның шынайы тексеріс екенін түсінбей қалдым. Бірақ жүйенің қалай жұмыс істейтінін ұққан соң бәрі оңай екенін көрдім.

Дереккөз: 24.kz

15 қазан 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.