Атырау, 25 қазан 07:59
 дождьВ Атырау +4.6
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Каспийде жыл басынан бері 32-ші жер сілкінісі болды

824 рет қаралды

Каспий теңізінің акваториясында кезекті жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері 4 маусымда жергілікті уақытпен сағат 07:30-да болған. Жер сілкінісінің ошағы 62 шақырым тереңдікте орналасқан. Гипоцентрдің координаттары: 39°43′48″ солтүстік ендік және 51°19′12″ шығыс бойлық.

Бұл — 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізінің акваториясында тіркелген 32-ші жер сілкінісі.

Бұған дейін мамандар өңірдегі сейсмикалық белсенділіктің артқанын атап өтіп, жиілеген жер асты дүмпулерін Каспий аймағында жүріп жатқан табиғи геологиялық процестермен байланыстырған болатын.

5 маусым, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.