Атырау, 11 қазан 11:18
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Барлық жаңалықтар

К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты Қазақстанда

К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 20 маусым 2016, 10:54 1 179 просмотра
Стамбулде гей-парадқа қатысушыларды газбен қуып таратты Әлемде

Стамбулде гей-парадқа қатысушыларды газбен қуып таратты

Стамбулде полиция ЛГБТ-ны қолдауға арналған маршқа қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке оқ қолданған. Қала орталығында өткен маршқа жүзден астам адам қатысқан. Ондаған адамды полиция Таксим алаңына жеткізбей қудалаған,- деп хабарлады Baq.kz 20 маусым 2016, 10:20 2 395 просмотра
Ресей құрамасының спортшылары Рио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін - БАҚ Әлемде

Ресей құрамасының спортшылары Рио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін - БАҚ

Халықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасының барлық спортшысын 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетуге қатысты мәселені қарастырады. Бұл туралы Vesti.kz сайты Eurosport-қа сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 20 маусым 2016, 10:12 2 158 просмотра
"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды Қазақстанда

"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды

Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20 маусым 2016, 09:55 2 932 просмотра
Б. Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бесінші отырысын қорытындылады Қазақстанда

Б. Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бесінші отырысын қорытындылады

Жер реформасына қатысты көптеген мәселе бір жүйеге келтірілді. Бұл туралы Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысында өткен көшпелі отырысын қорытындылаған комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті,- деп хабарладыҚазАқпарат. 20 маусым 2016, 09:47 2 398 просмотра
Карелияда 13 бала суға батып кетті Әлемде

Карелияда 13 бала суға батып кетті

Карелия билігінің мәліметінше, Карелияда көлде тұрған тұрған дауылдан қайық аударылып, 14 адам қаза тапты. Олардың 13-і - жазғы лагерде демалып жатқан 12-15 жас аралығындағы балалар. Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, 13 бала мен бір инструктордың денесі табылған,- деп хабарлады Азаттық. 20 маусым 2016, 09:43 2 017 просмотра
Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған Қазақстанда

Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған

Таразда алтыншы шағын аудандағы көпқабатты үйден полиция қоршауы алынғаннан кейін тұрғындар қоныстарына оралды,- деп хабарлады Азаттық. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті баспасөз құралдарына хабарлауынша, бүгін полиция қызметкерлері жүргізген «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы кезінде Тараздағы шағын аудандарды бірінде белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Соның салдарынан жараланған екі адамның бірі – учаскелік полиция қызметкері деп хабарланды. 19 маусым 2016, 21:56 2 671 просмотра
Атырауда Боқаев пен Аянды қолдауға флешмоб ұйымдастырылды Басқа жаңалықтар

Атырауда Боқаев пен Аянды қолдауға флешмоб ұйымдастырылды

Бүгін, 19 маусымда Атырауда бастамашыл топ белсенділері тергеу изоляторында сотты күтіп жатқан қоғамдық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНДЫ қолдау үшін облыстық әкімдік ғимаратының алдына флэш-мобқа жиналды. Естеріңізге салсақ, олар сәуірдегі «жер» митингісінен кейін қамауға алынған еді. Оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚК-тің 179-бабы («Билікті күштеп басып алуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру») және 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру») бойынша айыптар тағып отыр. Сурет Бейнежазба 19 маусым 2016, 14:11 3 129 просмотра
Атыраудың хоккей жанкүйерлері: «Бейбарысты» таратуға болмайды! Басқа жаңалықтар

Атыраудың хоккей жанкүйерлері: «Бейбарысты» таратуға болмайды!

Атырауда облыстық «Бейбарыс» хоккей командасын таратып жібереді деген сыбыстар айтылуда. Әзірге расталмаған ақпарат әсіре жанкүйерлерден бастап қарапайым спорт әуесқойларын да мазалауда. Бейнежазба 19 маусым 2016, 14:49 3 280 просмотра
Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ Қазақстанда

Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ

Бірінші сынып табалдырығын аттайтын балалар үшін мектептерде ешқандай тест өткізілмеуі тиіс. Бұл туралы ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жолтаева ОКҚ өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BNews.kz. 17 маусым 2016, 14:42 2 414 просмотра
Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды Қазақстанда

Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды

Маусымның 17-сі таңертеңнен бастап бірер сағат бойы қазақстандық көптеген сайттарға кіру қиындап, қайта ашылды,- деп хабарлады Азаттық. Kz доменіндегі сайттарға хостингтік қызмет ұсынып отырған қазақстандық "Интернет-компания PS" ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Инесса Шлапак компанияның Facebook-тағы парақшасында «Желі құрылғыларында ақау пайда болды. Мәселені шешіп жатырмыз. Мән-жайын жұмысын қалпына келтірген соң хабарлаймыз» деп хабарлаған. 17 маусым 2016, 14:39 1 596 просмотра
Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды Қазақстанда

Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 17 маусым 2016, 14:32 1 431 просмотра
Жылу шығыны - 11 миллион Басқа жаңалықтар

Жылу шығыны - 11 миллион

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті нақты сыртқы ауа температурасына сүйеніп, өткен жылу маусымы үшін тұрмыстық тұтынушыларға қайтарылуға тиесілі абоненттік төлем сомасын есептеп шығарды. 17 маусым 2016, 13:53 2 749 просмотра
«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Адвокат тергеушіні істі бұрмалады деп айыптайды Оқиға

«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Адвокат тергеушіні істі бұрмалады деп айыптайды

Атыраулық адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ әлеуметтік желілер арқылы облыстық соттың төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ пен облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВҚА, сонымен қатар жұртшылық назарын облыстық сотта «құлсарылық атқыштың» қылмыстық ісі бойынша («Құлсарылық «атқыш»») басталған апелляциялық процеске аудару мақсатында бейнежолдаумен жүгінді. Сурет 17 маусым 2016, 13:59 6 039 просмотра
​Қажет болса - Жайықта да көзін құртамыз Басқа жаңалықтар

​Қажет болса - Жайықта да көзін құртамыз

16 маусымда Жайықта 41/433 әскери бөлімшесінің «Амфибия» арнайы жасағы (су арнайы жасағы) ТЖД қызметкерлерімен бірге азаматтық кемедегі террористік топты зарарсыздандырып, кепілдікке алынғандарды құтқару жөніндегі тактикалық іс-қимылдарды жүзеге асырды. Сурет Бейнежазба 17 маусым 2016, 15:06 1 893 просмотра
ҚР БҒМ: Үш тілде білім беру бағдарламасы кезең-кезеңмен енгізіледі Қазақстанда

ҚР БҒМ: Үш тілде білім беру бағдарламасы кезең-кезеңмен енгізіледі

Үш тілде білім беру бағдарламасы мектеп пен ұстаздар дайын болған кезде енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. 17 маусым 2016, 12:05 3 589 просмотра
Тәжікстанда жеті имам сотталды Әлемде

Тәжікстанда жеті имам сотталды

Тәжікстанда тыйым салынған "Мұсылман бауырластығы" ұйымының идеяларын насихаттады деген айыппен жеті имам сотталды. Азаттықтың Тәжік редакциясының тергеуге жақын дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Соғды облысының Бабаджан Гафур аудандық соты жергілікті мешіттің алты имамы мен бір дін қызметкеріне үш жылдан үш жыл төрт айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кескен,- деп хабарлады Азаттық. 17 маусым 2016, 11:57 2 307 просмотра
Ауыр жарақат алған Қонысбаев Италияға емделуге барады Қазақстанда

Ауыр жарақат алған Қонысбаев Италияға емделуге барады

Қытай құрамасымен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған "Атырау" футбол клубы мен Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жақын арада Италияға емделуге барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kzсайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 17 маусым 2016, 11:48 1 635 просмотра
Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжияқов елге оралды Қазақстанда

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжияқов елге оралды

Америка түрмесінде отырған қазақ студенті аман-есен елге оралды. АҚШ-та лаңкестік оқиғаға қатысты айыпталып, 3 жарым жылға сотталған Азамат Тәжияқов жаза мерзімін толық өтеген. Сондықтан жас жігіт бостандыққа шығып, бүгін таңсәріде Алматыға ұшып келді. Ұзақ уақыттан бері ата-анасы мен туыстарынан жырақтап қалған жерлесімізді әуежайдан тілшіміз Диас Нұрақын да қарсы алды,- деп хабарлады КТК арнасы. 16 маусым 2016, 23:11 2 251 просмотра
Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті Қазақстанда

Астана әуежайына қонып жатқан әскери ұшақтың қос дөңгелегі жұлынып кетті

Астана әуежайына қонбақшы болған әскери ұшақтың екі дөңгелегі жұлынып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева айтып берді. 16 маусым 2016, 17:00 2 731 просмотра