Атырау, 18 желтоқсан 02:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Индонезиядағы ұшақ апаты: 10 адамның денесі табылды

2 026 рет қаралды


Boeing апатынан қаза тапқандардың мүрделері тәулік бойы іздестіріліп жатыр. Құтқарушыларға тиісті тапсырманы Индонезия президенті Джоко Видодо жүктеді. 

Елдің төтенше жағдайлар бойынша ұлттық агенттігінің хабарлауынша, іздестіру жұмыстары Ява аралында жүргізілуде. Әзірге ұшақтың қирандылары мен бірнеше жолаушының денесі ғана табылған. 

Бүгін президент әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларымен кездесті. Қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. 

Еске салайық, ұшақтың бортында 189 адам болған. 8 экипаж мүшесі және 181 жолаушы. Қайғылы апаттан тірі қалғандар жоқ. Құтқарушылар әзірге судан 10 адамның денесін тапты.   

Дереккөз: 24.kz

30 қазан 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.