Атырау, 25 қараша 17:30
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екі айда игереміз

2 012 просмотра


Жақында үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВ бюджет қаржылары толық игерілмейтін өңірлердің басшыларын сынға алып, артылған қаражаттың «пысық» өңірлерге берілетінін ескертті. Ал Атырау облысында қаржы қалай игеріліп жатыр?

- Бүгінгі күні бізде 142 миллион теңге игерілмей қалып отыр, оның 11 миллионы республикалық бюджеттен, 131 миллионы жергілікті бюджеттен, - дейді Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ. – Жыл аяғына дейін республикалық 11 миллионды, атап айтқанда, біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатқан мұғалімдерге игеріп үлгереміз деп ойлаймын. Жергілікті қаржыны да игереміз, жыл аяғына дейін әлі екі ай уақыт бар.

Облыстағы бас қаржыгердің айтуынша, бөлінген қаржының игерілмеуі бойынша Құрманғазы ауданы «рекордсмен» екен. Ол жақта 54 млн теңге игерілмей қалған. Облыстық басқармалар арасында алғашқы үштік: мәдениет басқармасы (13 млн), облыс әкімінің аппараты (6,5 млн) және құрылыс басқармасы (5,9 млн).  

- Шынымен де, қаржыны игеріп үлгермесек, олар республикалық бюджетке кетеді. Бірақ айта кету керек, бюджет қаржысын игеру бойынша біздің өңіріміз алдыңғы орындарда, - деп атап өтті Бисембиев.

- Менің білуімше, игерілмеген бюджет қаржысының бір бөлігі жыл аяғында бюджет қызметкерлеріне сыйақы түрінде беріледі. Осы рас па?

- Жоқ, олай емес.  

Фархат ӘБІЛОВ

29 қазан 2018, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.