
Air Astana Дубайға тұрақты рейстерді қайта іске қосатынын хабарлады.
20 маусымнан бастап Алматы–Дубай–Алматы бағыты, ал 10 шілдеден бастап Астана–Дубай–Астана бағыты бойынша ұшулар жандандырылады. Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстер Пәкістан арқылы орындалып, жолаушыларға қауіпсіз әрі сенімді қатынас қамтамасыз етіледі.
Ұшу кестесі кезең-кезеңмен кеңейтіледі. Алматыдан Дубайға алғашқы аптада аптасына екі рейс орындалады, кейіннен олардың саны біртіндеп артып, 6 шілдеден бастап күн сайын ұшулар жүзеге асырылады.
Астанадан Дубайға рейстер 10 шілдеден басталып, алғашқы кезеңде аптасына үш рет орындалады, ал тамыздың басынан күн сайын ұшатын болады.
Алматы-Дубай-Алматы
15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
22 - 28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі)
29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа)
6 - 12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Астана-Дубай-Астана
10 - 19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі)
20 - 26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер)
3 - 9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Компания 31 шілдеге дейін қайта брондаған жолаушыларға тегін қайта брондау мүмкіндігін ұсынады: 20 маусымнан бастап Алматыдан, 10 шілдеден бастап Астанадан Дубайға ұшуға болады.
Air Astana аймақтағы жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда кестеге түзетулер енгізетінін және өзгерістер туралы жолаушыларды дер кезінде хабардар ететінін мәлімдеді.
В Атырау +26.6