
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейін белгілеуге қатысты жаңа тәсіл енгізуді көздеп отыр.
Бұл өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жаңа тетік қарыз мөлшерінің кепіл нысанасының құнына қатынасы коэффициентіне (Loan-to-Value, LTV) негізделеді. Яғни, бастапқы жарна көлеміне қарай ЖТСМ шекті мөлшері сараланып белгіленеді. Егер LTV 0,7-ге дейін болса, ЖТСМ 20%-ға дейін, ал LTV 0,7-ден жоғары болған жағдайда 25%-ға дейін белгіленеді. Осылайша, тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын бастапқы жарна ретінде төлейтін азаматтар ипотеканы төмен пайызбен рәсімдей алады.
Бұл тәсіл қарыз алушыларды бастапқы жарнаны жинақтауға ынталандырып, ипотекалық нарықтағы тәуекелдерді азайтуға және банк жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта қолданыстағы шекті мөлшерлеме – 25% деңгейінде сақталады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында танысуға болады.
В Атырау +26.6