Атырау, 18 желтоқсан 02:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​​Жапония ханшайымы қарапайым халықтан шыққан жігітке тұрмысқа шықты

2 276 рет қаралды


Аяко есімді жапон ханшайымы қарапайым халықтан шыққан жігітке тұрмысқа шығып, корольдік мәртебесінен айырылды. Ежелгі заңға сәйкес императорлық отбасының мүшесіне тұрмысқа шыққан әйелдер ханшайым атанады.

Ал қарапайым жігітпен отбасын құрған хан қыздары, керісінше, барлық атақ, лауазымынан айырылады. 

28 жастағы Аяко – император ағасының үшінші қызы. Оның әкесі 2002-ші жылы 47 жасында өмірден озған. 

Аяко 32 жастағы Морию есімді жапон кеме қатынасы компаниясының қызметкеріне тұрмысқа шықты. Жалпы, Жапония халқы – тез қартаятын мемлекет. Сол себепті болуы керек, императорлық отбасыда тек 4 мұрагер-еркек қалған. 

Соңғы кездері заңды өзгертіп, таққа әйелдерді мұрагерлікке қалдыру керек деген бастамалар да айтылып жүр.  

Дереккөз: 24.kz

30 қазан 2018, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.