Атырау, 26 желтоқсан 14:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

​Эфиопияда тұңғыш рет президенттікке әйел адам сайланды Әлемде

​Эфиопияда тұңғыш рет президенттікке әйел адам сайланды

Эфиопияның парламенті жоғары лауазымды дипломат Сале-Ворк Зевдені президент қызметіне бекітті. Сөйтіп ол ел тарихында тұңғыш әйел көшбасшы атанып отыр. Осылайша, Премьер-министр Абий Ахмад бастамасымен елдің саяси жүйесі біраз өзгеріске ұшырады.  26 қазан 2018, 15:29 1 363 рет қаралды
Өзгенің құдығына қауға салма Басқа жаңалықтар

Өзгенің құдығына қауға салма

Құрманғазы аудандық соты алаяқтық жасады деп айыпталған жергілікті шаруа қожалығының басшысына үкім шығарды. Ол «Қазагромаркетинг» АҚ Атырау филиалынан «мал шаруашылығы жайылымдарын суландыру және сумен қамту инфрақұрылымын құру» мақсатында 6,5 млн теңге алған, алайда жұмысты тиісінше атқармаған. 26 қазан 2018, 15:26 2 673 рет қаралды
​Тәтішевтің өлімі: Тоқмәди Әблязовтан 2 миллион доллар алған Қазақстанда

​Тәтішевтің өлімі: Тоқмәди Әблязовтан 2 миллион доллар алған

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұхтар Әблязовтан екі миллион доллар алған. Бұл туралы Тоқмәди Жамбыл облысында өтіп жатқан сот отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  26 қазан 2018, 14:48 2 061 рет қаралды
Ресей Google корпорациясын сотқа бермекші Әлемде

Ресей Google корпорациясын сотқа бермекші

Роскомнадзор мекемесі Google корпорациясын Ресей заңын бұзды деп айыптады. Google Ресей билігінің осы елде тыйым салынған және бұғатталған сайттар тізімі сақталатын федералдық мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қосылу талабын орындамаған. 26 қазан 2018, 14:45 2 633 рет қаралды
Вакцинада шошқа майы жоқ Басқа жаңалықтар

Вакцинада шошқа майы жоқ

Жақында болған Теңіз кенішіндегі жұмысшылардың сальмонеллезден жаппай улануына асхана қызметкерлерінің салдыр-салақтығы себеп болған. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат УАИСОВ хабарлады. «АЖ» тілшісінің сұрақтарына жауап берген ол тұмауға қарсы вакцина құрамында шошқа майы бар деген пікірді жоққа шығарды. 26 қазан 2018, 12:30 2 738 рет қаралды
Сауд Арабиясы журналисті "алдын ала жоспарлап" өлтіргенін мойындады Әлемде

Сауд Арабиясы журналисті "алдын ала жоспарлап" өлтіргенін мойындады

Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Жамал Хашогги өлімінің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы оның қасақана өлтірілгенін мойындады. Бұл туралы Сауд Арабиясының БАҚ-ы хабарлады. Бұған дейін Эр-Рияд Жамал Хашогги арнайы қызметтің "рұқсат берілмеген операциясы барысында" қаза тапқанын мәлімдеген еді. 26 қазан 2018, 10:56 1 895 рет қаралды
Украинада тағы бір облыс "Ресей мәдени өнімдеріне" тыйым салды Әлемде

Украинада тағы бір облыс "Ресей мәдени өнімдеріне" тыйым салды

Украинаның Житомир облысында "орыстілді мәдени өнімді" жария түрде көрсетуге тыйым салынды деп хабарлады УНИАН агенттігі. Тыйым салу туралы актіні облыстық кеңес депутаттарының көпшілігі қолдады. 26 қазан 2018, 10:09 1 780 рет қаралды
​Халықаралық валюта қорының бұрынғы бас директоры түрмеге қамалды Әлемде

​Халықаралық валюта қорының бұрынғы бас директоры түрмеге қамалды

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Родриго Рато 4,5 жыл бойы Мадрид түрмесінде жазасын өтейді, деп хабарлайды DW. Родриго Рато 2004-2007 жылдары Халықаралық валюта қорын басқарған, ал оған дейін Испанияның экономика министрі дәне үкімет төрағасының орынбасары болған. Ол 25 қазанда Сото-эль-Реаль түрмесіне қамалды, деп хабарлайды DW Испания ІІМ жанындағы Пенитенциарлық  мекемелер бас хатшылығына сілтеме жасап.  26 қазан 2018, 09:50 1 718 рет қаралды
Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын "Қайрат" миллион еуроға сатып алмақ Қазақстанда

Шетелде ойнап жүрген қазақ баласын "Қайрат" миллион еуроға сатып алмақ

KazFootball.kz порталының хабарлауынша, қазақстандық клуб ресейлік премьер лиганың бірінші айналымы аяқталған соң қазақстандық Мессидің келісімшарты үшін миллион еуро ұсынуы мүмкін. Бейнежазба 26 қазан 2018, 09:46 1 662 рет қаралды
Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті Басқа жаңалықтар

Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті

Атырау әкімшілік сотында «Атырау су арнасы» КМК-нің облыстық экологиялық департаментіне қарсы талап арызы бойынша сот процесі аяқталды. «Су арнасы» бұдан бұрын өзіне салынған 191 млн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспеді. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, айыппұл сомасын 133 млн теңгеге дейін азайтты. Бірақ бұл бәрібір 2017 жылы табысы 18 млн теңге болған кәсіпорын үшін өте қомақты сома. 26 қазан 2018, 09:42 2 485 рет қаралды
​RBK Bank бұрынғы басқарушы директоры қамауға алынды Қазақстанда

​RBK Bank бұрынғы басқарушы директоры қамауға алынды

Бас прокуратура санкциясымен RBK Bank бұрынғы басқарушы директоры Асылбек Игильман қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   26 қазан 2018, 09:40 2 022 рет қаралды
​Ливанға жіберілетін қазақстандық бітімгерлер қажетті қару-жабдықпен қамтамасыз етілген Қазақстанда

​Ливанға жіберілетін қазақстандық бітімгерлер қажетті қару-жабдықпен қамтамасыз етілген

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Үндістан Үкіметі арасындағы БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштеріндегі үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  25 қазан 2018, 16:58 2 908 рет қаралды
Олег Сенцов Сахаров сыйлығына ие болды Әлемде

Олег Сенцов Сахаров сыйлығына ие болды

Ресейде терроризм айыбымен ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде отырған украиналық режиссер Олег Сенцов Андрей Сахаров сыйлығына ие болды. Бұл туралы Азаттықтың Брюссельдегі тілшісі Еуропа парламентіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Сыйлықпен марапаттау салтанаты 12 желтоқсанда Страсбургте өтеді. 25 қазан 2018, 16:39 2 252 рет қаралды
Пашинян премьер-министрлікке сайлана алмады Әлемде

Пашинян премьер-министрлікке сайлана алмады

24 қазанда Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта сайлануы үшін бірінші кезеңде қажетті дауыс жинай алмады. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, Пашинян - сайлауға қатысқан жалғыз кандидат. 25 қазан 2018, 16:14 1 479 рет қаралды
Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда екі полицей балаларды өрттен алып шықты

24 қазанда таңертең Атырауда Авангардағы 5 қабатты үйлердің бесінші қабатынан өрт шықты. Оны көрген патрульдік полицейлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен, өртеніп жатқан пәтерге кіріп, бірнеше баланы өрттен алып шықты. Балалардың ішінде бір жасар сәби де бар. 25 қазан 2018, 15:49 2 889 рет қаралды
​Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр Қазақстанда

​Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр

Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр. Үкіметтің Қызылорда облысындағы уақытты өзгерту туралы жобасы талқыға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  25 қазан 2018, 15:24 1 545 рет қаралды
​АҚШ-та демократтарға қастандық жасалды Әлемде

​АҚШ-та демократтарға қастандық жасалды

АҚШ-та Демократиялық партияны қолдаушы саясаткерлердің өміріне қастандық жасалды. Белгілі болғандай елдің бұрынғы президенті Барак Обама мен бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтоннің пошта жәшіктеріне жарылғыш зат салынған. Одан бір күн бұрын дәл осындай зат CNN телеарнасының ғимаратынан да табылды.  25 қазан 2018, 14:38 1 294 рет қаралды
​Банктер ауыл шаруашылығын несиелеуге келгенде өрт көргендей өре түрегеледі - Шөкеев Қазақстанда

​Банктер ауыл шаруашылығын несиелеуге келгенде өрт көргендей өре түрегеледі - Шөкеев

Екінші деңгейлі банктердің агроөнеркәсіп кешенін несиелеудегі тәуекелдерін төмендету қажет. Мұндай пікірді бүгін Astana Agroforum-2018  республикалық кеңес барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  25 қазан 2018, 14:27 1 680 рет қаралды
​Қазақстан Мьянманың Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптады Қазақстанда

​Қазақстан Мьянманың Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуалы туралы отырысында Қазақстан Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптап, осы елдегі гуманитарлық дағдарысты бүкіл халықаралық қоғамдастықтың қатысуымен жедел және жан-жақты түрде шешуге шақырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.   25 қазан 2018, 14:24 1 649 рет қаралды