Атырау, 23 желтоқсан 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қарағанды облысында дөнерлерден жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды

1 851 рет қаралды


Қарағанды облысында дөнерлерден жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Аймақтық ІІД баяндап бергендей, аталған факті бойынша ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлімімен («Абайсызда адамдардың жаппай ауыруы немесе улануына әкеліп соқтырған санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу») қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, 22-24 қазан күндері аралығында Абай қаласында 12 адам медициналық көмекке жүгінген, соның ішінде 8 адам (арасында бір бала) ауруханаға жатқызылды.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, бүгінде ауыр жатқан науқастар жоқ, бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде.  Айта кетейік, бұған дейін Абай қаласында 12 адам уланып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Дереккөз: inform.kz

25 қазан 2018, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.