Атырау, 25 қараша 17:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экологтар «Атырау су арнасына» шүйлікті

2 367 просмотра


Атырау әкімшілік сотында «Атырау су арнасы» КМК-нің облыстық экологиялық департаментіне қарсы талап арызы бойынша сот процесі аяқталды. «Су арнасы» бұдан бұрын өзіне салынған 191 млн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспеді. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, айыппұл сомасын 133 млн теңгеге дейін азайтты. Бірақ бұл бәрібір 2017 жылы табысы 18 млн теңге болған кәсіпорын үшін өте қомақты сома.

Экологтар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабы («Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi») бойынша айыппұл салған еді. Атырау облыстық бас мемлекеттік экология инспекторы Қайратқали ХАЙРОЛЛАНЫҢ айтуынша, «Су Арнасына» қойылып отырған басты талап – кәріз сарқындылары блану алаңына алдын ала тазартусыз құйылып жатыр. Осы себепті оның құрамында зиянды заттардың көп екендігін тексеру жұмыстары көрсетіп отыр. Өз атымыздан қосарымыз, бүгінде Атырауда жұмыс істеп тұрған кәріздік-тазарту құрылымы жоқ.

«Атырау су арнасы» КМК директорының м.а. Руслан ҚҰРМЕТОВ соттың бұл шешіміне қатысты жоғарғы сот инстанцияларына шағымданатынын мәлімдеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қазан 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.