
АҚШ-та Демократиялық партияны қолдаушы саясаткерлердің өміріне қастандық жасалды. Белгілі болғандай елдің бұрынғы президенті Барак Обама мен бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтоннің пошта жәшіктеріне жарылғыш зат салынған. Одан бір күн бұрын дәл осындай зат CNN телеарнасының ғимаратынан да табылды.
Болжам бойынша, ол Орталық Барлау басқармасының бұрынғы басшысы Джон Бреннанға бағытталған. Оқиғадан кейін ғимаратта болған адамдардың барлығы дереу эвакуацияланды. Ал дүйсенбі күні Нью-Йорк штатында тұратын америкалық миллиардер Джордж Соростың почтасында қауіпті зат табылған еді. Жергілікті билік террорлық әрекеттің алдын ала жоспарланғанына сенімді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.
Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы:
- Құпия қызметтің кәсіби жұмысы арқасында отбасымыз аман. Олар жарылғыш затты дер кезінде анықтап, қайғылы оқиғаның алдын алды.
Конгрестегі аралық сайлау қарсаңында қоғам қайраткерлеріне және телеарна ғимаратына жіберілген қауіпті зат көптің үрейін туғызды. Біз елдің қамын, жас ұрпақтың болашағын және әрбір америкалықтың қауіпсіздін ойлайтын үміткерді сайлауымыз керек.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау +1