Атырау, 23 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр

1 543 рет қаралды


Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр. Үкіметтің Қызылорда облысындағы уақытты өзгерту туралы жобасы талқыға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" туралы жобаның мәтіні eGov порталында жарияланды. "Қызылорда облысы әкімдігіндегілер 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 21 желтоқсанына қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытсын", - делінген құжаттардың бірінде. 

Құжаттар қабылданған жағдайда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігіндегілер халыққа уақыт есептеу тәртібі өзгергені жайлы хабарлауы керек болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 қазан 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.