Атырау, 26 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

ҰҚК жеке деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты бірқатар өкілеттікті өзіне алды

117 рет қаралды

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты бірқатар өкілеттіктер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді. Бұған дейін бұл функциялар Цифрлық даму министрлігінің (қазіргі — Жасанды интеллект министрлігі) құзыретінде болған. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Өзгерістер ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауға алуымен байланысты. Бұл тізімге банк, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, медицина және электрондық үкімет жүйелері кіреді.

Құжатқа сәйкес, ҰҚК берілген функциялар аясында министрліктің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры саналады. Енді Үкімет пен комитет қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеуі тиіс.

Аса маңызды инфрақұрылым нысандарына істен шығуы елдің қауіпсіздігіне, экономикасына және азаматтардың жеке деректеріне қауіп төндіретін жүйелер жатады. Соңғы уақытта дербес деректердің таралу фактілері жиілегені бұл шешімнің өзектілігін арттырды.

Бүгін, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.