Эфиопияның парламенті жоғары лауазымды дипломат Сале-Ворк Зевдені президент қызметіне бекітті. Сөйтіп ол ел тарихында тұңғыш әйел көшбасшы атанып отыр. Осылайша, Премьер-министр Абий Ахмад бастамасымен елдің саяси жүйесі біраз өзгеріске ұшырады.
Бұған дейін Сале-Ворк БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары мен Африка одағының арнайы өкілі қызметін атқарып келген. Сале-Ворк – Эфиопияның халықтық революциялық демократиялық коалициясы тағайындаған төртінші президент. Айта кетерлігі, Эфиопияның президенті болғанымен, атқарушы билік премьер-министрдің қолында.
Өткен аптада премьер-министр Абий Ахмад министрлер кабинетін ауыстырғанда, белгілі бір жетістікке қол жеткізген 10 нәзік жандыны министрлер лауазымына тағайындаған. Осылайша, гендерлік саясатты мықтап қолған алған ол Эфиопияны гендерлік теңдікке қол жеткізген Африкадағы үшінші елдің қатарына қосты.
Дереккөз: 24.kz