Атырау, 26 желтоқсан 13:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

«Шымбұлақтағы» мейрамханадағы жанжал: екі адамға 20 АЕК айыппұл салынды

79 рет қаралды
Сурет: 2gis
Сурет: 2gis

Алматы қаласының Полиция департаменті «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы мейрамханалардың бірінде болған оқиғаға қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мейрамхана әкімшісі мен келуші арасында дау туындағаны көрінеді. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысқан барлық тұлғаларды анықтап, түсініктеме алды. Жағдай жан-жақты зерттелді.

Полицияның мәліметінше, тексеру барысында тараптар жанжалдың эмоциялық жағдайда туындағанын жеткізген. Олардың айтуынша, айтылған кейбір сөздер мен жасалған әрекеттер сол сәттегі эмоцияның әсерінен болған және нақты ұстанымдарын білдірмейді.

Сондай-ақ оқиға кезінде тараптардың бір-біріне жеңіл физикалық әсер қолданғаны анықталған. Кейіннен қатысушылар өзара кешірім сұрап, татуласқанын және болған жағдайға өкініш білдіргенін мәлімдеді. Олар азаматтарды бір-біріне құрметпен қарап, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Тексеру нәтижесі бойынша аталған әрекеттерге құқықтық баға берілді. Екі қатысушыға да ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Алматы қаласының Полиция департаменті тұрмыстық немесе тілдік ерекшеліктерге байланысты келіспеушіліктердің қақтығыс пен қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс екенін ескертті. Ведомство ұлттық немесе тілдік тақырыптарды пайдаланып, дауды ушықтыру қоғам үшін қауіпті әрі қабылданбайтынын атап өтті.

«Қоғамымыздың негізі – өзара сыйластық, бірлік пен келісім. Полиция заң аясында әрекет етіп, барлық азаматтың теңдігін қамтамасыз етеді. Қақтығыстарды ұйымдастыруға немесе ушықтыруға қатысқан тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген полиция хабарламасында.

Бүгін, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.