Атырау, 18 желтоқсан 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Пашинян премьер-министрлікке сайлана алмады

1 476 рет қаралды


24 қазанда Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта сайлануы үшін бірінші кезеңде қажетті дауыс жинай алмады. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, Пашинян - сайлауға қатысқан жалғыз кандидат.

Оны парламенттегі "Елк" фракциясы ұсынған. Парламенттегі үш фракция сайлауға қатысудан бас тартты. Нәтижесінде Пашинянның кандидатурасын ешкім қолдамады. Бір депутат қарсы дауыс берсе, тағы 11 депутат қалыс қалған. Парламентте премьер-министрді сайлауға қатысты дауыс берудің екінші кезеңі 1 қарашада өтеді.

16 қазанда Пашинян премьер-министр қызметінен өз еркімен кеткен. Ол бұл қадамын елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу мақсатында жасалды деп түсіндірген.

Егер алдағы бір аптада жаңа премьер-министр сайланбаса (Пашинян мен оның командасы осыны көздейді - ред.) ел парламенті заңға сәйкес таратылады. Мұндай жағдайда желтоқсанның басына қарай Арменияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді.

Дереккөз: azattyq.org

25 қазан 2018, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.