
АҚШ-тағы «ең қауіпті қылмыскерлер» санатына үш Қазақстан азаматы кірді. Бұл туралы АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің ресми дерекқорына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Аталған тізім «worst of the worst» деп аталып, ауыр және қауіпті қылмыстарға қатысы бар мигранттарды қамтиды. Онда посткеңестік кеңістіктен шыққан өзге де елдердің азаматтары бар. Атап айтқанда, антирейтингке 27 Украина азаматы, 18 Ресей азаматы, 22 Армения азаматы, сондай-ақ Грузия мен Беларусьтен екі адамнан енген.
Дерекқордағы мәліметтерге сәйкес, тізімде көрсетілгендердің басым бөлігі Латын Америкасы елдерінен шыққан. Мәселен, «ең қауіпті қылмыскерлер» қатарында бірнеше мың Мексика азаматы бар екені көрсетілген.
В Атырау -4