Атырау, 24 желтоқсан 23:14
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Ухан коронавирусынан қайтыс болғандардың саны күрт артты Әлемде

Ухан коронавирусынан қайтыс болғандардың саны күрт артты

5 ақпандағы таңғы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 492-ге жетіп, ал 24 324 адам дерт жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағы 892 науқастың ауруханадан шығарылғаны айтылады. Бұл туралы South China Morning Post газеті Қытайдың денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 11:59 2 471 рет қаралды
Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады Басқа жаңалықтар

Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады

Атырау облысының балық аулау кәсіпорындары өз өнімдерін шетелге экспорттау үшін тауарларының шығу тегі жөнінде СТ-1 сертификаты қажет деген талапты жоюды сұрайды. Балық аулау саласының өкілдері Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кезекті балық аулау маусымындағы өзекті мәселені талқылады. 5 ақпан 2020, 11:42 4 959 рет қаралды
Трамп АҚШ конгресінде мәлімдеме жасайды Әлемде

Трамп АҚШ конгресінде мәлімдеме жасайды

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 ақпанда кешке (Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 8:00) конгресте елдегі жағдай туралы мәлімдеме жасайды. Бір күннен кейін сенатта президентке импичмент жариялау ісі бойынша дауыс беру басталады. 5 ақпан 2020, 10:56 2 321 рет қаралды
«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз» Басқа жаңалықтар

«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз»

Бақсай каналының бойында отырған Исатай (15) мен Махамбет (2)  аудандарының 17 шаруа қожалығы көптеген жылдар бойы көлтөбандарға су шығарып, мал өрісін құнарландырып, әрі қажетті мал азығын өздері дайындап алуға тырысатын. Бұған дейін суды тұтыну төлемінің 25 пайызын шаруалар өз қалтасынан, ал 75 пайызын үкімет субсидия арқылы өтейтін. Бірақ өткен жылы үкімет субсидияға ақша бөлмей, қалған соманы шаруалар толық төлеуге мәжбүр болып отыр. 5 ақпан 2020, 10:49 3 374 рет қаралды
Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік" Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік"

Атырау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізген мониторингі барысында 43 736 бағаны көтеру фактісін анықтады. Атап айтқанда, құрылыс басқармасында осындай 3 038 факті, білім басқармасы және оған қарасты ұйымдарда – 1 596, ішкі саясат басқармасында – 756, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында – 1 260, полиция департаментінде – 910. «АЖ» осы тізімдегі «көшбасшыға» назар аударды.  Қысқаша шолып өтейік.   5 ақпан 2020, 09:50 3 340 рет қаралды
Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады Басқа жаңалықтар

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Д.-ға қатысты үкім шығарды. 4 ақпан 2020, 20:25 2 897 рет қаралды
ЕАЭО кеңістігінде ақша алып жүрудің жаңа ережесі іске қосылды Қазақстанда

ЕАЭО кеңістігінде ақша алып жүрудің жаңа ережесі іске қосылды

Бұл ереже ЕАЭО-ға барлық мүше елдерге қатысты қолданылады. Еуразиялық экономикалық комиссия 2019 жылдың тамыз айында ақша тасымалдаудың жаңа ережелері туралы шешім қабылдады. Енді 100 мың доллардан асатын ақшаны тек декларациялап қана қоймай, оның қайдан келгенін растайтын құжаттар болуы керек, деп хабарлайды zakon.kz. 4 ақпан 2020, 16:07 3 173 рет қаралды
​Қазақстанда бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу ұсынылды Қазақстанда

​Қазақстанда бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу ұсынылды

Қазақстанда бала үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қаралып жатқанын айтты. Бейнежазба 4 ақпан 2020, 15:37 3 796 рет қаралды
Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті Қазақстанда

Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті

Bek Air әуекомпаниясы билет ақысын қайтармай жатқаны үшін сот алдында жауап беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  4 ақпан 2020, 15:24 2 069 рет қаралды
Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің Мақат ауданында (Атыраудан 60 шақырым) жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының басталуы 2020 жылға жоспарланып отырғаны туралы хабарламасынан кейін көпшілікті неге қоғамдық тыңдау өткізілмеді деген сұрақ мазалады. Алайда бұл тыңдау Атырау облысы табиғат ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен жылдың 20 желтоқсанында Мақат кентінде өткізілген болып шықты. Әрі хабарландыру тек аудандық «Мақат тынысы» газетінде және ұйымдастырушының сайтында ғана жарияланған. Сондықтан көптеген қоғамдық, экологиялық белсенділер және БАҚ өкілдері хабарсыз қалып, тыңдауға қатыса алмаған, алайда бұл ұйымдастырушыларды қатты қынжылта қоймаған секілді. Енді тек хаттама мәліметтерімен ғана шектелуге тура келеді.   Сурет 4 ақпан 2020, 14:52 3 688 рет қаралды
Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз Басқа жаңалықтар

Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз

Биыл 1 ақпаннан бастап Қазақстанда айырбастау орындарында (кейбіреуін қоспағанда) бірыңғай жұмыс регламенті белгінленді: 9.00-ден 20.00-ге дейін. Енді шамалы ақшаны айырбастау үшін де жеке куәлік қажет. Бұл жаңадан енгізілген тәртіпке қатысты бірнеше сұрақтарға Ұлттық банктің Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы Арсен КӨБЕКОВ жауап берді. 4 ақпан 2020, 12:50 3 092 рет қаралды
«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар Басқа жаңалықтар

«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар

Қазақстанның  мұнай-газ саласының  «Үш алыбы» - ТШО, НКОК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) – тауар, жұмыс, қызмет (ТЖҚ) бойынша таяу жылдардағы сатып алулар тізімін жариялады. Бұл әрине, дұрыс. Алайда барлығымыз ірі тендерлерді негізінен  шетелдік компаниялардың ұтып алатынын білеміз. 2019 жылдың маусымында Атырауға келген сапарында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2018 жылы осы үш оператордың ТЖҚ сатып алу көлемі бойынша Қазақстандағы шетелдік компаниялардың барлық ТЖҚ сатып алу көлеміінң бар-жоғы 34%-ын құрағанын атап өтті. Үш «алыптың» үлестік салмағын ескерер болсақ, бұл аз. Тоқаев сол кезде-ақ үкіметке операторлармен жұмыс жүргізуді және тендерлерде сатып алу шегін 20 миллион доллардан төмен белгілеуді тапсырған еді. Ал бүгін өкілетті орган сатып алулардың 20 млн доллардан жоғары тендерлерді бекітеді, ал одан төмен болса, оны операторлардың өздері шешеді. 4 ақпан 2020, 12:42 3 661 рет қаралды
Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ Басқа жаңалықтар

Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ

Кезекті митингтен үш күн өткеннен кейін  «АЖ» тілшісі арнайы ХҚКО-ға барып, шетелдік нөмірлі автокөлік иелерінің ешқайсысы әлі өз көлігін тіркемегенін және сары нөмір алмағанын білді. Кедендік әкімшілендіру басқармасы бөлімінің бастығы Рүстем ЖАЙЛАШЕВТЫҢ айтуынша, осы уақыт ішінде оларға 80-ге жуық адам тек кеңес алу үшін ғана жолыққан. Сурет 4 ақпан 2020, 12:18 3 286 рет қаралды
Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады Басқа жаңалықтар

Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 ақпанда күшіне енген «Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясының тариф мөлшерін жариялады (бағалар ҚҚС есебінсіз көрсетілген). 4 ақпан 2020, 10:51 3 489 рет қаралды
ҰҚК Түркістан облысында пара алған судьяны ұстады Қазақстанда

ҰҚК Түркістан облысында пара алған судьяны ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бейнежазба 4 ақпан 2020, 10:37 4 390 рет қаралды
Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап Басқа жаңалықтар

Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап

«АЖ» қоржынында зейнетақы жөнінде жинақталып қалған бірнеше сұрақтарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Атырау  филиалы директорының орынбасары  Қарлығаш ЖАНСАРИЕВАҒА  жолдадық. 3 ақпан 2020, 17:47 5 745 рет қаралды