Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау тұрғынына Нұр-Сұлтаннан өзгенің айыппұлы келген

Бейнежазба
3 576 рет қаралды

Атырауда өткен жылдың желтоқсан айынан бері айып тұрағында тұрған көлігіне бөтен айыппұл келе бастағаннан кейін көлік иесі полицияға жүгінді.

Белгілі болғандай, оның ресейлік нөмірімен тағы бір «Toyota Estima» Нұр-Сұлтан көшелерінде жүр екен.

- Бірдей нөмірлі көліктің Атырауда жол ережесін бұзып, адам өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқаны анықталды. Елордада ұсталған көліктің «сыңары» коммуналдық айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтандағы полиция департаменті.

Полиция тыйым салынған көліктің мемлекеттік нөмірі басқа жүргізушіде қалай пайда болғанын тексеріп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Нұр-Сұлтан ПД бейнежазбасы

5 қараша 2020, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.