Атырау, 23 желтоқсан 04:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда заңсыз салынған жатақхана сүрілді

Сурет
2 485 рет қаралды

Алматының Алатау ауданында үш қабатты жатақхана сүрілді. Ғимарат заңсыз салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. 

Ғимарат иесіне шағымды Алатау ауданы Самғау шағын ауданының тұрғындары жазған. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары бұл жер учаскесінде ауданы 387 шаршы метр үш қабатты жатақхана салынғанын анықтады.

"Құрылыс жобалау-сметалық құжаттамасыз, тиісті сараптамасыз, техникалық және авторлық қадағалаусыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын органдарды хабардар етпестен салынған.
Жер учаскесінің шығысындағы аумақта құқық белгілейтін құжаттары жоқ контейнерлерден екі қабатты ғимарат та салынғаны анықталды. Бұл жалпы ауданы 0,0067 гектар болатын мемлекеттің жерінде тұр", - деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

Сот ғимарат иесіне 669 мың теңге айыппұл салды.

Сотта заңсыз ғимаратты бұзуға да рұқсат берілді.


5 қараша 2020, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.