Атырау, 19 сәуір 04:08
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ-та президент сайлауының алғашқы нәтижелері шықты

2 895 просмотра
Сурет Reuters ресурсынан алынды

АҚШ-та 3 қарашада президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы болудан республикалық Дональд Трамп және демократ Джо Байден үміткер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сайлаушылар дауысының есебін америкалық БАҚ тікелей эфирде көрсетіп жатыр, оның ішінде "Голос Америки" де бар.

Ең маңызды деген Флорида және Техас штаттарында дауыс берудің алғашқы нәтижелері Трамп пен Байден әзірше тең келе жатқанын көрсетті. 

Дәстүрлі республикалық Техас штатында (38 сайлаушы) Байден алда келе жатыр. Бюллетеньдердің 46 пайызын есептегеннен кейін ол үш миллионнан аса дауыс жинағаны белгілі болды. Трампта 2,9 миллион дауыс бар.

Вашингтондағы Америка институтының профессоры Питер Кузниктің ойынша, Трамптың Техастағы жеңілісі қайта сайлануына кедергі болады.

"Егер Трамп Техасты жоғалтып алса, ол үшін бәрі аяқталады", - деді Кузник "Россия 24" телеарнасының эфирінде.

Флорида штатында (29 сайлаушы) дауыстардың 88 пайызы есептелгеннен кейін Трамп алда келе жатқаны белгілі болды. Ол 5,3 миллион дауыс жинады, Байденде 250 мың дауысқа кем.

4 қараша 2020, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.