Атырау, 25 қараша 19:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Байден президент болуға дайындалып жатыр, Трамп дауысты қайта санауды талап етті

2 708 просмотра

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденге біржола жеңіске жету сайлаушылардың алты дауысы жетіспейді, бірақ ол қазірдің өзінде "өтпелі кезең сайтын" іске қосты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Сайтта мәлімдеме жарияланды:

"Америка халқы АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын анықтап жатыр. Елдің бірнеше штатында дауыс санау жалғасуда. Ел бетпе-бет келген пандемиядан экономикалық құлдырауға дейінгі, климаттың өзгеруінен нәсілдік әділетсіздікке дейінгі дағдарыстарға өтпелі кезең командасы барынша жылдам дайындық жасауды жалғастырады, бұл Байден-Харрис әкімшілігі алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді".

Дауыс санау

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-ге дейін қазіргі президент Дональд Трамп сайлаушылардың 214 дауысын (48%, 68 586 150 дауыс), демократ Джо Байден 264 дауыс (50,4% немесе 72 049 330 дауыс) иеленген.   

Жеңіске жету үшін сайлаушылардың 270 дауысы қажет.

Еске сала кетейік, АҚШ-та Сайлаушылар алқасы жұмыс істейді. Бұл жанама екі сатылы сайлау жүйесі. Қазіргі таңда сайлаушылар саны – 538.

Сонымен қатар, AP мәліметінше, Невадада (75%), Аризонада (86%), Пенсильванияда (89%), Техаста (85%) дауыс санау жалғасып жатыр.

Трамп сотқа жүгінді

Дональд Трамп Жоғарғы сотқа үш штатта – Пенсильвания, Мичиган және Висконсинде дауысты қайта санауды талап етіп, сотқа шағым түсірді.  

Түнде ол өзінің жеңіске жеткенін жариялап, демократтарды "сайлауды ұрлауға" тырысты деп айыптады.

Наразылықтар

Вашингтон гүлбағы саябағында наразылық жалғасуда, деп хабарлады РИА Новости. Олардың кейбіреуі Джо Байденнің командасын қолдайды. Қалғаны – Black Lives Matter қозғалысының белсенділері.

Нью-Йоркте дауыстарды әділ санауды қорғауға бағытталған акциялар өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығыс болып, бірнеше адам ұсталды.   

5 қараша 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.