Атырау, 25 қараша 19:58
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропада бала саудасына қарсы ірі операция өтті. 388 адам ұсталды

2 696 просмотра
Көрнекі сурет

Еуропаның бірнеше елінде бала саудасына қарсы полиция операциясы өтті. Нәтижесінде 388 күдікті ұсталды. Бұл туралы Еуропалық одақтың Гаагадағы Еуропол қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Қылмыскерлердің 249 құрбаны да анықталған, олардың 61-і кәмелет жасқа толмаған. Қалғандарының жасы енді анықталады.   

Операцияны қазанның бірінші жартысында Ұлыбритания, Португалия және Испанияның құқық қорғау органдары Сыртқы шекараны күзету бойынша Еуропалық агенттіктің (Frontex) және бірнеше елдің, оның ішінде Германияның қолдауымен жүргізген.

Операция балаларды зорлау, жұмыс күші ретінде немесе қайыр сұрауға пайдалану мақсатында сатумен айналысатын ірі бандаларға қарсы ұйымдастырылды. Еурополдың мәліметінше, балалар түрлі қылмыс жасауда, оның ішінде контрабанда үшін де пайдаланылған.

Ведомство, әдетте, ЕО ішінде балаларды сатуға туыстары көмектесетінін атап өтті. Мұндай қылмыспен айналысатын банда бірнеше елде бар және балаларды ротация жүйесі арқылы бір-біріне береді. Көбіне еуропалық емес елдерден шыққан кәмелетке толмаған босқындар осындай бандалардың құрбаны болып жатады.

5 қараша 2020, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.