Атырау, 19 желтоқсан 02:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Мұнайлы 10 учаске аукционда сатылады

3 195 просмотра

23 желтоқсанда ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығына алғаш рет онлайн-аукцион өткізеді. 10 учаске саттыққа шығарылды: Сағыз, Қарабау, Забурын, Бегайдар, Дереш, Балқұдық, Бестерек, Үштаған, Қошалақ және Сарайшық. Учаскелердің көп бөлігі Атырау облысының аумағында, сондай-ақ Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

Сауда-саттыққа қатысу үшін қол қою бонусы 20 миллион теңгеден басталады, ал жалпы мөлшері 400 миллион теңге болады. Көмірсутектерді игеру және өндіру үшін ұсынылатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы км.

Жақында брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жанат ЖАХМЕТОВА қазір 30-дан астам өтініш түскенін айтты. Өтінішті 29 қарашаға дейін беруге болады. Аукционға қатысу жарнасының мөлшері 100 АЕК (бұл әр учаске үшін 277 800 теңге). Сонымен бірге, Энергетика министрлігі әлеуетті сатып алушыларға қазақстандық кадрларды оқыту, ҒЗТКЖ шығындары және жергілікті қамту сияқты шарттарды ұсынады.

Аукцион бастапқы қол қою бонусынан бастап көтеріледі. Егер пайдаланушы осы учаскелерден көмірсутегі қорларын тапса, бұл учсаке мемлекет теңгеріміне алынады және оның одан әрі өндіру үшін басым құқығы болады. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 қараша 2020, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.