Атырау, 25 декабря 02:55
 облачноВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

800-аса атыраулық оңалту мамандарына арналған тегін тренингтен өтті

PR
2 130 просмотров

8 желтоқсанда ТШО-ның қолдауымен әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «БолашақК» қоғамдық қоры ұйымдастырған Атырау облысындағы оңалту саласы мамандарының әлеуетін арттыруға арналған семинар-тренинг қорытындыланды.  

 Оңалту саласы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған тренингтер жаңа білім мен практикаға қол жеткізуді, кәсіпқойлар қауымдастығын құруға бағытталған.

  - Семинар тренингтер ТШО кәсіпорнының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жыл басында басталған болатын. Дәл бүгін 4 желтоқсанда тіркелген соңғы лектің қатысушылары 5 күндік тренингті сәтті аяқтап, сертификаттарын алуда. Тренингке үкіметтік ұйымдардан, жеке секторлардан және ерекше балалардың ата-аналары қатысты. Бағдарлама аясында мамандарға анатомиядан бастап, науқастарды қауіпсіз жылжыту, қалай дұрыс отырғызу қажет, сонымен қатар ПНФ терапиясын, жабық кинетикалық тізбек секілді көптеген терапиялар үйретілді. Енді мамандар бізден алған тәжірибелерін өздерінің жұмыс орнында сондай ақ үй жағдайында күтіп отырған ерекше балаларына қолдана алады, дейді «БолашақК» қоғамдық қоры орталығының кинезиотерапевт маманы   Гүлмира АМАНЖОЛҚЫЗЫ.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша тренинг сабақтары  теориядан гөрі практикаға көбірек бағытталған.

 Ақмарал БҰЛЖАНОВА, тренинг түлегі

  • Логопед маманы болған практикалық жағынан өзімді жетілдіру үшін осы курсқа қатысқан едім. Курс барысында деффектология, ЛФК мамандықтары бойынша көп тәжірибе жинақтадым. Өйткені менің қызметім осы мамандықтармен тығыз байланысты. Мұнда көптеген нәрсе үйрендім, соның ішінде 1 жасқа дейінгі баланың анатомиясы, оны қалай дамыту керектігі неврология бойынша үлкен тәжірибе алдым. Өзім де осы курстың арқасында екі жылдан бері мазалап жүрген сырқатымнан кинезология сабағынан кейін алғашқы күннің ішінде сауығып кеттім. Сабақтан алған тәжірибемді айналамдағылардың мәселелсін шешуге жұмсаймын, дейді.

 Жоба аясында жүзеге асырылып жатқан семинарлар оңалту саласындағы мамандар үшін озық әдістемелермен және технологиялармен танысуға, өз білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік берді. Жобаны іске асыру барысында оңалтудың 7 бағыты (оңалтудың заманауи әдістері, кинезиотерапия, емдік массаж, нейропсихология, нейродефектология, логопедия, психология) бойынша 60-тан астам семинар-тренинг өткізілген.

 Сонымен, Кинезиотерапия дегеніміз ол – қимыл - қозғалыстары тежелген науқастарды әр түрлі емдеу әдістерімен оңалту. Кинезиотерапия тренингіне қатысушыларға классикалық және заманауи – ПНФ, Бобат, кинестетикс, емдік дене шыңықтырулары  әдістерін қолдануды үйретті. Массажға арналған семинарлар науқастың жалпы жағдайын жақсартатын әдістерді меңгеруге мүмкіндік берді. Нейродефектология семинарында оқу, тәрбиелеу, даму және бұзылуларды жеңу процесінде мүмкіндігі шектеулі адамның миының қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып,   оңалтудың соңғы тәсілдерін меңгерді.


 Тренингке оңалту саласының мамандарынан бөлек, ерекше балалары бар ата-аналар да көп қызығушылық танытқан. Соның бірі Ақерке НАУРЫЗБАЙ:

Осы курс барысында мен баламен 24/7 жұмыс істеу керектігін түсіндім. Себебі оңалту орталығына келген кезде мамандар ЛФК да баламен 40 минут жұмыс істейді. Одан соң баламен жұмыс үй жағдайында да жалғаса беруі керек. Осындағы тренерлер баланы қалай аунату керектігін, қалай басын көтерткізу қалай жүргізіп, отырғызу керегін барлығын үйретті. Қатысқаныма өкінбеймін. Менің балам 4 жаста, сал ауруы гиперкинетикалық түрімен ауырады. Осы тренинг нәтижесінде қазір өзім балама көмек беріп отырмын. «БолашақК» қоры қоры мен осы жобаны қолдаған ТШО кәсіпорнына алғысым шексіз. Осындай жобалар жалғасын таба берсін.

 Жоба аясында оңалту саласының 800-ден астам маманы, оның ішінде даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары оқудан өткен.

 - Ата-аналарды оқыту маңызды рөл атқарады, өйткені ата-ана баланы оңалтудың негізгі тетігі. Білім алушылардың көпшілігі алған білімдерін бірден тәжірибеге енгізіп, оңалту саласындағы кәсіби даму үшін жобаның маңыздылығын атап көрсетеді. Оңалту саласындағы мамандарды оқыту жобасы қатысушыларға өзекті білім беріп қана қоймай, көптеген пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етті. Тренинг қатысушылар қазір озық әдістермен және көп қырлы тәсілдермен жабдықталған, бұл оларды сауатты оңалту көмегін қамтамасыз етуде маңызды тұлғаға айналдырады.

Біз жобаға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз және әрбір маманның оңалту саласын дамытуға қосқан үлесін мақтан тұтамыз. Қорытынды семинарлар-бұл жобаның соңғы кезеңі ғана емес, сонымен қатар Оңалту тәжірибесін жетілдірудегі жаңа дәуірдің басталуы, дейді ұйымдастырушылар.

 

11 декабря 2023, 11:42

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш Телеграм и на editor@azh.kz.


Комментарии отключены