Атырау, 29 наурыз 05:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

Күрмеуі қиын тіл тағдыры немесе Мемлекеттік тіл туралы заң қайда? Басқа жаңалықтар

Күрмеуі қиын тіл тағдыры немесе Мемлекеттік тіл туралы заң қайда?

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі күні. 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі болып қабылданды. Арада ширек ғасыр уақыт өтіп, еліміз егемендік алып, тілге қатысты көптеген заңдар, бағдарламалар қабылдап жатса да, бұл мәселе дұрыс шешімін таба алар емес. Бүгінгі таңда еліміздегі тілдік ахуал қандай, - мемлекеттік тіл саясатының, қабылданған бағдарламалардың орындалуы туралы осы салада қызмет етіп жүрген тіл мамандарынан пікір алдық. 19 қыркүйек 2013, 00:00 10 683 просмотра
Пионердің ұраны Экономика

Пионердің ұраны

- Мен сияқтылар көп емес, бәлкім тұрғындардың 5 пайызы шығар. Бір бөлігі психиатриялық емханаларда отырса, енді басқалары әлемді өзгертуге тырысады, – деп күлді Серікбай Бисекеев. Ол бизнесті өзіңнің ішкі дүниең мен айналаңдағы ортаны өзгерту мүмкіндігі ретінде қабылдайды. Оның табысқа жетелейтін ерекше шешімі осыдан пайда болады. 19 қыркүйек 2013, 00:00 4 135 просмотра
Робин Гудтар үйірмесі Спорт

Робин Гудтар үйірмесі

Осы жылдың шілде айында «Атырау облысы мүгедектерінің спорттық клубы» КМК-нде садақ ату секциясы ашылды. Осы қысқа мерзімде болашақ Робин Гудтер қандай табысқа жеткендіктері жөнінде муай-тай, сондай-ақ садақ ату спорт түрлерінің жаттықтырушысы Нұрберен ӘМІРЖАНОВ әңгімелейді. 19 қыркүйек 2013, 00:00 6 895 просмотра
Махамбет Досмұхамбетов – «ЕМГ» бас директоры Басқа жаңалықтар

Махамбет Досмұхамбетов – «ЕМГ» бас директоры

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Жұмабек ЖАМАУОВ онымен жасалған келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «ЕмбіМұнайГаз» АҚ бас директоры лауазымынан босатылды. 18 қыркүйек 2013, 16:43 3 824 просмотра
Қазақстан Қашаған кен орынында 2014 жылы шамамен 8 млн. тонна мұнай өндіруді көздеуде Қазақстанда

Қазақстан Қашаған кен орынында 2014 жылы шамамен 8 млн. тонна мұнай өндіруді көздеуде

Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қашаған кен орынында 2014 жылы шамамен сегіз миллион тонна мұнай өндіріледі, деп мәлім етті  сәрсенбіде Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Астанадаға брифингте. 18 қыркүйек 2013, 14:32 2 843 просмотра
Бұрынғы депутат Сыздықова мен БҒМ бұрынғы вице-министрі «Нұр Отан» партиясынан шығарылды Қазақстанда

Бұрынғы депутат Сыздықова мен БҒМ бұрынғы вице-министрі «Нұр Отан» партиясынан шығарылды

Бұрынғы депутат Бахыт Сыздықова мен БҒМ бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметов  «Нұр Отан» партиясынан шығарылды, деп хабарланады әлеуметтік желідегі партияның парақшасында. 18 қыркүйек 2013, 12:34 1 784 просмотра
Әуезов атындағы театр гастролі Мәдениет

Әуезов атындағы театр гастролі

19-28қыркүйек аралығында Атырауда 14 жыл ішінде алғаш рет М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гастролі өтеді. Облыстық драма театр сахнасында 10 спектакль көрсетілмек. Ал 22 қыркүйекте труппаның бір бөлігі Махамбет поселкесіне барып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған «Қыз мұңы» спектаклін тегін қояды. 18 қыркүйек 2013, 12:28 3 191 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қыркүйектің 9-ында тал түсте Қызылқоға ауданының Миялы селосында белгісіз біреулер ЖШС-лердің бірінің базасының аумағынан 3 машина құмды-қиыршық тасты қоспаны ұрлаған. Сарықамыс ықшамауданында белгісіз біреулер үй жанына қойылған «Фольксваген-Гольф» көлігінен ішінде 130 мың теңгесі бар сөмкені ұрлаған. 18 қыркүйек 2013, 14:28 1 935 просмотра
Құлсары – Теңіз тас жолындағы ажал Басқа жаңалықтар

Құлсары – Теңіз тас жолындағы ажал

15 қыркүйекте 22 сағат 30 минутта Құлсары-Теңіз тас жолының Жаңақорған селосы маңында «Киа-Серато» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісі басқаруды қолдан шығарып алып, келесі бағытқа шығып кетіп, 37 жасар Атырау қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Дэу-Нексия» көлігіне соқтығысты. 18 қыркүйек 2013, 12:23 2 286 просмотра
Сирияда химиялық қарудың қолданылғаны расталды Әлемде

Сирияда химиялық қарудың қолданылғаны расталды

Біріккен Ұлттар ұйымының сарапшылары сириялық шиеленісте химиялық қарудың қолданылғанын растады. Мамандар дәлел-дәйектерін  халықаралық ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінде өткен  жабық жиналыс барысында ұсынды 18 қыркүйек 2013, 10:02 1 473 просмотра
Күш құрылымдарынан кейін енді дәрігерлер жаппай аттестациядан өтпек Қазақстанда

Күш құрылымдарынан кейін енді дәрігерлер жаппай аттестациядан өтпек

Басынан дау арылмаған денсаулық сақтау саласын тағы бір үлкен реформа күтіп тұр. Күш құрылымынан соң енді дәрігерлер де  аттестациядан өтетін болды. Сөйтіп, Денсаулық сақтау министрлігі қатарын науқастарға дұрыс диагноз қоймақ түгілі алғашқы ем-домды көрсете алмайтын біліксіз мамандардан тазартпақ. Бірақ жаппай сынақ 2 жылдан соң басталады. Әйтсе де оған әзірлік басталып  кетті. Гиппократ антына адалдығын дәлелдей алмағандар қызметтерінен қуылмақ. 18 қыркүйек 2013, 09:17 7 148 просмотра
Иранда қателіктен Facebook және Twitter қосылып кетті Әлемде

Иранда қателіктен Facebook және Twitter қосылып кетті

Иран тұрғындары Facebook және Twitter әлеуметтік желісімен қауышқанына қуанып та үлгермеді. Бірнеше сағаттан кейін танымал желілерді үкімет қайта жапты, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасай отырып. 18 қыркүйек 2013, 09:13 2 174 просмотра
 «Ұлым Бергеймен қызметтес болғаны үшін кінәлі ме?» Басқа жаңалықтар

«Ұлым Бергеймен қызметтес болғаны үшін кінәлі ме?»

Мен – Ұлбосын КЕРИМОВАМЫН. Атырау қаласының бұрынғы әкiмi, 33 жастағы Асқар Абайұлы КЕРИМОВТЫҢ анасымын. Баламның қамауда отырғанына бір жыл болды. Iс бойынша қазiр тергеу аяқталып, iспен танысу жүргiзiлуде. Iс жуық арада сотқа да түсiп қалуы тиіс... 17 қыркүйек 2013, 15:28 4 594 просмотра
Қазақстан мұнай өндірудің жоғарғы деңгейіне 2024-2030 жылдары қол жеткізеді Қазақстанда

Қазақстан мұнай өндірудің жоғарғы деңгейіне 2024-2030 жылдары қол жеткізеді

Қазақстан мұнай өндіру көлемінің жоғарғы деңгейіне 2024-2030 жылдары қол жеткізеді, деп мәлім етті сейсенбідегі Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин. 17 қыркүйек 2013, 12:10 1 652 просмотра
Алаяқтық істі қарау кейінге қалдырылды Оқиға

Алаяқтық істі қарау кейінге қалдырылды

Өткен бейсенбіде қалалық №2 сотта алаяқтық ісі бойынша сот тыңдауы басталуы тиіс еді. Айыпталушылар – қызы мен анасы. Шамамен, олардың әрекеттерінен жалпы сомасы 20 млн теңге сомада 30 шақты адам зардап шеккен: әйелдер мемлекеттік қордан пәтерлер, жер телімдерін, құрылыс материалдарын алып береміз деп уәде еткен. 17 қыркүйек 2013, 12:08 3 002 просмотра
Қырғызстанда ұсталған лаңкестік топтың арасында Қазақстан азаматы да бар Қазақстанда

Қырғызстанда ұсталған лаңкестік топтың арасында Қазақстан азаматы да бар

Қырғызстанда «Сириядан өткен террористер» деген күдікпен ұсталған топтың арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан. 17 қыркүйек 2013, 09:18 5 282 просмотра