Атырау, 26 қараша 20:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Гурьев – Атырау-11

Сурет
4 181 просмотра

Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.


Шынымды айтсам, менде ескі Гурьевтің көрінісіне қарасам, сағыныш сезімі болмайды. Маған қаланың қазіргі көрінісі анағұрлым ұнайды. Бірақ өткен күндегі бұл нысан, менің субъективті пікірімше, «бұрын жақсы болған еді» дейтіндей сирек жағдай. Тіпті, бір түсті картинаның өзі салқын лепті, тіпті, су арынының қуатын паш етіп тұрғандай, құдды ұсақ су тамшылары денеңе шашырап қонғандай әсер қалдырады. Сәулет нысандары жұпыны қала үшін мұндай бұрқақ – нағыз құндылық. Игілігімізге қарай, оны сақтап қалдық. Бірақ қазіргі күйі едәуір ажарсызданып қалған. Бұрқақтың бұрынғы асқақтығын қайтара алсақ қой, шіркін. Шілденің шіліңгір күнінде, әкімшілік кодекс бойынша айыппұл жазасын алу қаупіне қарамастан, оның қуатты су арынына денемізді тосып, сотқарлықпен асыр салар едік. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қараша 2017, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.