Атырау, 29 наурыз 09:52
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жамбылда атыс болып, 7 адам жарақат алған, қаза тапқандар бар

2 393 просмотра


Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі облыстық ІІД қызметкерлері атыс салдарынан көз жұмған Қаракемер тұрғынының өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуына қарағанда, 6 қараша күні кешқұрым көлік ішінде екі жолаушы төбелесіп қалған. Соңынан олар топ болып атысуға дейін барған.

«Тергеу барысында, шамамен 18.30-да Жамбыл ауданындағы Аса елді мекенінен Құмтиынға бағыт алған көлік ішінде екі жолаушының арасында жанжал туындаған. Салдарынан түн ортасына таман Аса мен Құмтиын тұрғындары бытыралы тегіс ұңғылы мылтықпен атысқан» - делінген баспасөз хабарламасында.

Кеудесіне тиген оқтан жараланған 30 жастағы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны көз жұмған. Атыс салдарынан түрлі деңгейдегі жарақат алған 7 адам орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

"Қазіргі кезде қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот алды тергеу жүргізілуде»,- дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Baq.kz

8 қараша 2017, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.