Атырау, 21 қыркүйек 15:57
 дождьВ Атырау +29.4
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Даладағы жалғыз бала: машинист төрт жасар баланы локомотив кабинасына алып кетті

70 рет қаралды

Сарыөзек — Үштөбе учаскесінде жүк пойызының машинисі теміржол бойындағы далада жалғыз өзі келе жатқан төрт жасар баланы байқап қалған.

Ол пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына алып кеткен.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында Тауарасы — Айнабулақ аралығындағы теміржол учаскесінде болған. Бала Айнабулақ станциясы бағытында келе жатқан.

Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Машинист қызметтік тежеу жүйесін қолданып, пойызды тоқтатып, болған жағдай туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған.

Айнабулақ станциясында баланы кезекшіге тапсырған. Кезекші оның ата-анасымен байланысқан.

Бүгін, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.