Атырау, 21 қыркүйек 16:00
 дождьВ Атырау +29.4
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жаңа Бас қолбасшысы тағайындалды

80 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Үштаевты Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы етіп тағайындады.

Тиісті шешім Мемлекет басшысының өкімімен рәсімделді.

Басқа өкіммен бұл қызметтен Мереке Күшекбаев босатылды. Ол Құрлық әскерлерін 2024 жылдың қарашасынан бастап басқарды. Оған дейін бұл қызметті Асан Жүсіпов атқарған.

Қуанышбек Үштаев 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2018 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әр жылдары ол мотоатқыштар және десанттық-шабуылдау батальондарына, әскери бөлімдерге қолбасшылық етті. Сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы штабының бастығы қызметтерін атқарды.

Бүгін, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.