Атырау, 23 желтоқсан 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездеседі

2 674 рет қаралды

Фото: Soutniknews.kz

Қараша айының 9-ы күні Ресейдің Челябинск қаласында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 14 аймақаралық қарым-қатынас форумы аясында кездеседі деп күтілуде. 

Форум барысында екі ел басшылары жеке кездесіп, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы жайында, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жайында сөйлеседі деп күтілуде. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толуына орай бірнше мемлекетаралық, үкіметаралық және комерциялық құжаттарға қол қояды. 

Қазақстан мен Ресей аймақаралық қарым-қатынас форумын жыл сайын кезек-кезек өткізеді.2016 жылы Қазақстан тарапы аталмыш форумды дәл осы қараша айында Астана қаласында өткізген болатын. 

Естеіңізге салайық, бұған дейін қараша айының 8-і күні Владимир Путин соңғы уақыттары Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com

9 қараша 2017, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.