Атырау, 22 желтоқсан 07:53
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ардагерлердің алтын добы

Сурет
3 333 просмотра


Атырауда кезекті футбол маусымы аяқталды.  Қарашаның аяғында футзал бойынша 2018 жылғы Қала чемпионатының ашылу салтанатында облыстық футбол федерациясының арнайы «Алтын доп - 2017» және «Алтын бутсы - 2017» сыйлықтары иегерлерінің есімдері аталды.

Жақында Атырауда мини-футболдан Федерация кубогы өтіп, оған қала мен аудандардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Бұл туралы Атырау облыстық футбол федерациясының вице-президенті Эдуард ХИСМЕТУЛЛИН әңгімеледі.

Атырау қаласы жазғы турнирдің жүлделі үштігінің қатарында болды. «Қалалықтар» бұл жерде де үш жүлдені иеленді. Алтын алқаны «Кедентранссервис», күмісті «Құлагер» және қоланы «Ембімұнайгаз» командалары алды. Асылбек Сейітқалиев (суретте), Ринат Ідірісов, Бақтияр Ғабдуллин мен Қайрат Нұрмұханов үздік ойыншылар деп танылды. «Құлагер» командасы жазғы турнирдің жеңімпазы ретінде мини-футболдан Щучинскде өткен ҚР кубогында облыстың намысын қорғады. «Атырау» ФК дайындық тобы түлектерінен құралған ұжым он минут бойына Еуропа Чемпиондар Лигасының иегері – алматылық «Қайраттан» ойын есебінде алда келе жатты. Өкінішке орай, жігіттердің тәжірибесі жетіспей, анағұрылым тәжірибелі бәсекелесінен ұтылып қалды. Алдын ала айналым қорытындысы бойынша команда желтоқсан айында Рудныйда ойналатын плей-оф кезеңіне өте алмады.

Атырау облыстық футбол федерациясының вице-президенті Эдуард ХИСМЕТУЛЛИН


– Биыл футзал бойынша бесінші рет «Олимп» БК Кубогын өткіздік. Турнир төрт командамен басталған еді, қазір бұл ҚР Футбол федерациясының күнтізбелік жоспарына енген халықаралық турнирге айналды. Биылғы ойындарға Ресейден, Қырғызстаннан және Қазақстаннан 12 команда қатысты. Кубокты қарағандылық «Тұлпар» командасы алып кетті.

Соңғы кездері «Санжар» командасы туралы ештеңе естілмейді. Ал ол 2015 және 2016 жылдары ардагерлер арасында мини-футболдан ҚР чемпионы болған еді.

- «Санжар» командасы қаржының болмауына байланысты тарады. Бұрынғы құрамдағы ойыншылар «Кедентрансервис» деген жаңа атаудағы командада ойнап жүр. Команда ардагерлер арасында мини-футболдан өткен қала чемпионатында қола алқаны жеңіп алды. Алтын алқа «Болат-Ветераны» командасының, күміс алқа биыл құрылғанына 21 жыл толған «Залина» командасының еншісіне бұйырды. Жексенбай Құсайынов, Бекежан Көшәлиев, Жәнібек Субханбердин, Ғазиз Қаражігітов пен «Атырау» футбол орталығының бапкері, серб Зоран Терзич турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

Демек, ойыншылар кәсіпқойлар емес, яғни, ойнағандары үшін жалақы алмайды ғой?

– Алмайды.

– Атыраулық «Алтын доп» және «Алтын бутсы» жүлделерінің иегерлеріне қандай сыйақы қарастырылған?

– Сыйақы болмайды. Бірақ бұл жүлдені алу – үлкен беделді мәртебе!


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

8 қараша 2017, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.