Атырау, 17 желтоқсан 01:00
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Әлемде

​Трамп пен Путинге футболшы Криштиану Роналдуды талқылау ұсынылды Әлемде

​Трамп пен Путинге футболшы Криштиану Роналдуды талқылау ұсынылды

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза америкалық әріптесі Дональд Трампқа Ресей президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуінде футболшы Криштиану Роналдуды талқылауды ұсынды, - деп хабарлайды Fox News. 28 маусым 2018, 10:16 1 637 рет қаралды
​Германия үкіметіне ыдырау қаупі төніп тұр Әлемде

​Германия үкіметіне ыдырау қаупі төніп тұр

Канцлер Ангела Меркель мен Германия ішкі істер министрі Хорст Зеехофер арасындағы алауыздық неміс үкіметін ыдыратуы ықтимал. Бұл - елде жаңа сайлау өтуі мүмкін деген сөз. Сарапшылар соңғы аптаны Ангела Меркель мансабындағы ең ауыр кезең деп бағалап отыр.  27 маусым 2018, 18:08 2 456 рет қаралды
АҚШ: Түркияға F-35 ұшақтары жеткізілмеуі мүмкін екенін ескерттік Әлемде

АҚШ: Түркияға F-35 ұшақтары жеткізілмеуі мүмкін екенін ескерттік

АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша кеңесшісі Уэсс Митчелл Анкараға Ресейдің С-400 зенит зымыран кешенін алудан бас тартпаса, АҚШ жаңа F-35 жойғыш ұшақтарын Түркияға бермеуі мүмкін екені ескертілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, НАТО-ға мүше Түркия С-400 кешенін сатып алуан бас тартпаса, Ресейдің қорғаныс саласына салынған санкцияға ілігіп кетуі мүмкін. 27 маусым 2018, 18:07 2 164 рет қаралды
​Қырғызстанда 11 адам түйнеме жұқтырған Әлемде

​Қырғызстанда 11 адам түйнеме жұқтырған

Қырғызстанның Жалалабат облысында түйнеме жұқтырды деген жорамалмен 11 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кабар агенттігі хабарлайды.  27 маусым 2018, 18:02 1 878 рет қаралды
​Жеті мемлекеттің азаматтары үшін АҚШ-тың есігі жабылды Әлемде

​Жеті мемлекеттің азаматтары үшін АҚШ-тың есігі жабылды

АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес сияқты ірі қалаларында халық жаппай ереуілге шықты. Олар Жоғарғы соттың Дональд Трамп саясатын қолдап, бірнеше мемлекет азаматтарының АҚШ-қа кіруіне рұқсат бермеуіне наразы. Бұл елдер қатарында Иран, Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Солтүстік Корея мен Венесуэла бар. Наразылық акциясына қатысушылар қатаң миграциялық саясатты айыптап, үкіметке қарсылықтарын білдірді.  27 маусым 2018, 12:20 2 857 рет қаралды
Путин шетелдіктерге ықтияр хат беру тәртібін жеңілдетуді тапсырды Әлемде

Путин шетелдіктерге ықтияр хат беру тәртібін жеңілдетуді тапсырды

Ресей президенті Владимир Путин Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігіне орыс тілін білетін және Ресейде тұрып, жұмыс істегісі келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елде уақытша тұруына және ықтияр хат алуына рұқсат беру тәртібін жеңілдетуді тапсырды. Тиісті тапсырма Кремльдің ресми сайтында 26 маусым күні жарияланды. 27 маусым 2018, 11:01 1 653 рет қаралды
​Түркияның Еуроодақ құрамына кіруіне қатысты келіссөздер тоқтатылды Әлемде

​Түркияның Еуроодақ құрамына кіруіне қатысты келіссөздер тоқтатылды

Еуропа одағына қарасты Кеңес Түркияның Еуроодақ құрамына кіруіне қатысты келіссөздердің тоқтатылатыны туралы мәлімдеме жариялап отыр. Сонымен қатар, Анкара мен Брюссель арсындағы кедендік одақты бекіту жұмыстары да тоқтатылады. Бұл туралы «meydan.com.tr» агенттігі хабарлайды.  27 маусым 2018, 10:53 1 985 рет қаралды
​Путин мен Трамп Хельсинкиде кездесуі мүмкін - БАҚ Әлемде

​Путин мен Трамп Хельсинкиде кездесуі мүмкін - БАҚ

Ақ үй Финляндияның астанасы Хельсинкиді АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі ықтимал орын деп қарастырып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасап.  27 маусым 2018, 10:42 2 213 рет қаралды
​Facebook криптовалюта жарнамасына рұқсат бермек Әлемде

​Facebook криптовалюта жарнамасына рұқсат бермек

Facebook әлеуметтік желісі таспада криптовалютаны жарнамалауға рұқсат бермек, бірақ ICO (Initial Coin Offering - криптоактивтерді бірінші рет таспаға салу) жарнамасына салынған тыйым күшінде қалады. Бұл жайлы желі басшыларының бірі Роб Лезернге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 27 маусым 2018, 10:24 1 392 рет қаралды
Неге Ердоған жеңді? – Daily Sabah Әлемде

Неге Ердоған жеңді? – Daily Sabah

Өткен жексенбі Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп, онда қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған және оның партиясы жеңіске жетті. Baq.kz ақпарат агенттігі осы елдегі ағылшын тілді жетекші басылымдардың бірі Daily Sabah шолушысының сайлау қорытындылары туралы сараптамасын ұсынады. 27 маусым 2018, 10:22 1 990 рет қаралды
Малайзияда компания басшысы смартфоны жарылып қайтыс болды Әлемде

Малайзияда компания басшысы смартфоны жарылып қайтыс болды

Жатын бөлмесінде болған өрт салдарынан ер адам көз жұмды. Оқыс оқиға болған сәтте смартфон қуатталып жатқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап. 27 маусым 2018, 10:16 1 805 рет қаралды
​Италия министрі Ливия шекарасында мигранттарды қабылдау орталықтарын ашуды ұсынды Әлемде

​Италия министрі Ливия шекарасында мигранттарды қабылдау орталықтарын ашуды ұсынды

Италияның жаңа тағайындалған ішкі істер министрі Маттео Сальвини Триполиге алғашқы сапарын жасады. Келіссөздер барысында ол Ливия үкіметі мүшелерімен миграциялық дағдарысты шешу жолдарын пысықтаған. 26 маусым 2018, 15:19 1 280 рет қаралды
​Иранда қала тұрғындары мен саудагерлер наразылық шеруіне шықты Әлемде

​Иранда қала тұрғындары мен саудагерлер наразылық шеруіне шықты

Тегеранда үлкен базар жабылып қалды. Бұған бағаның көтерілуі мен ұлттық валютаның әлсіреуі себеп. Осыған байланысты өткен наразылық шарасына қала тұрғындарымен қатар саудагерлер де қатысты. 26 маусым 2018, 15:05 1 820 рет қаралды
Мысыр – Сауд Арабиясы матчының комментаторы ойын кезінде көз жұмды Әлемде

Мысыр – Сауд Арабиясы матчының комментаторы ойын кезінде көз жұмды

Мысырлық ойыншылар өз тобындағы үш матчта да жеңіліп, соңғы орынды иеленді. Әлем чемпионатының А тобындағы Мысыр мен Сауд Арабиясы құрамаларының матчы кезінде мысырлық "Замалек" клубының бұрынғы бапкері, қазір спорт комментаторы болған Абдрахим Мухаммед Негма қайтыс болды, деп жазды prosports.kz. 26 маусым 2018, 14:32 1 797 рет қаралды
​АҚШ Қытайлық инвесторларға шектеу қойды Әлемде

​АҚШ Қытайлық инвесторларға шектеу қойды

АҚШ Қаржы министрлігі инвестиция салатын Қытай компанияларына байланысты жаңа ереже жариялады. Global Times  басылымының хабарына қарағанда, ереже бойынша инвестиция салған қытайлық компаниялардың үлесі 25 пайыздан аспау керек деп белгіленген.  26 маусым 2018, 12:53 1 277 рет қаралды
​Мексикада белгісіз біреулер бес саясаткерді өлтіріп кеткен Әлемде

​Мексикада белгісіз біреулер бес саясаткерді өлтіріп кеткен

Кеше белгісіз біреулер Мексиканың Оахака штатында "Морена" партиясы атынан депутаттыққа үміткер болған Лопес Авенданьо мен тағы осы партиядағы төрт адамды сайлау алдындағы сапары барысында өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.  26 маусым 2018, 10:58 1 842 рет қаралды