Атырау, 18 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Техник байқамай зеңбірекпен құны 19 млн долларлық жойғыш ұшақты атып жіберді

1 796 рет қаралды


Бельгия әскери-әуе күштерінің «Флоренн» авиабазасында механик байқаусызда әуе кемесі  бортындағы зеңбіректен F-16  жойғыш ұшағын атып жіберген. Салдарынан ол отқа оранды, деп жазады Business Insider

Механик әуе кемесіне техникалық қызмет  көрсетіп жатқан және абайсызда  оның 20-миллиметрлік зеңбірегін іске қосып жіберген. Ол құны 19 млн долларлық  ұшуға дайындалып жатқан жойғыш ұшаққа дәл тиіп, жойып жіберді. Бұған қоса жанындағы ұшақты да зақымдаған. 

Бұдан бұрын Флоренн авиабазасында жарылыс салдарынан General Dynamics компаниясының F-16 ұшағы отқа оранғаны жайлы 11 қазанда хабарланған болатын. Корольдік  қорғаныс министрлігінің деректерінше, оқыс оқиғадан екі техник  зардап шеккен. Бельгияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі басқармасы  келеңсіз жағдайға тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Дереккөз: inform.kz

16 қазан 2018, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.