Атырау, 27 қараша 03:22
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әлемде

Түрік әскері Сириядағы АҚШ-тың әскери постын атқылады Әлемде

Түрік әскері Сириядағы АҚШ-тың әскери постын атқылады

Түрік әскері Сирия солтүстігіндегі АҚШ-тың әскери постын атқылады. Пентагон ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Алайда оқиға Түркия шабуылынан АҚШ әскерилеріне қауіп-қатер барын көрсеткен. 13 қазан 2019, 10:51 3 026 просмотра
​  Жапонияда 11 млн адамға эвакуация жарияланды Әлемде

​ Жапонияда 11 млн адамға эвакуация жарияланды

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС. Жапонияда Хагибис тайфунынан қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Тайфун кесірінен алпыстан астам адам жарақаттанып, 7 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Жапония билігі тағы 4,2 миллион адамға эвакуация жасауды ұсынды. 13 қазан 2019, 10:10 1 973 просмотра
БҰҰ 44 мың қызметкерінің жалақысын төлей алмауы мүмкін Әлемде

БҰҰ 44 мың қызметкерінің жалақысын төлей алмауы мүмкін

«БҰҰ соңғы онжылдықтағы ең ірі қаржы дағдарысына ұшырады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш алдағы айда ұйым 44 мың қызметкерге жалақысын төлей алмай қалуы мүмкін екенін айтты», деп жазады Швейцарияның Neue Zürcher Zeitung басылымы.  12 қазан 2019, 09:51 2 733 просмотра
Атамбаев алғашқы сот тыңдауына қатысудан бас тартты Әлемде

Атамбаев алғашқы сот тыңдауына қатысудан бас тартты

Қырғызстанда қылмыстық топ жетекшісі "Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі" бойынша алғашқы тыңдауға бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев келмегендіктен отырыс 14 қазанға шегерілді. Бұл ақпаратты журналистерге адвокат Сергей Слесарев хабарлады. 11 қазан 2019, 14:06 2 159 просмотра
WSJ: АҚШ-та Трамп адвокатына көмектескен кәсіпкерлер ұсталды Әлемде

WSJ: АҚШ-та Трамп адвокатына көмектескен кәсіпкерлер ұсталды

The Wall Street Journal басылымы АҚШ-та Дональд Трамптың адвокаты Рудольф Джулианиге бұрынғы вице-президент Джо Байденге қарсы "компромат табуға көмектескен" екі кәсіпкер ұсталғанын хабарлады. Кәсіпкерлер Лев Парнас және Игорь Фруманның екеуі де бұрынғы СССР аумағында туған. 11 қазан 2019, 11:11 1 948 просмотра
Ердоғанға жасалған ұсыныс: Трамп күрдтерді қорғап қалу үшін не істеді? Әлемде

Ердоғанға жасалған ұсыныс: Трамп күрдтерді қорғап қалу үшін не істеді?

АҚШ Түркияның күрдтерге қарсы шабуылын тоқтату үшін F-35 ұшақтарын сатып беретінін айтқан. Бұндай ұсынысты президенті Трамп Түркия президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде ортаға қойған. 11 қазан 2019, 10:30 2 527 просмотра
Иран әйелдерге стадионда футбол көруге рұқсат берді Әлемде

Иран әйелдерге стадионда футбол көруге рұқсат берді

Иранда әйелдердің стадионға кіріп, футбол көруіне1981 жылдан бері алғаш рет рұқсат берілді. 10 қазанда үш мыңнан астам әйел Тегерандағы "Азади" стадионында өткен Иран-Камбоджа футбол матчын тамашалады. Бұл ойында ирандықтар 14:0 есебімен ұтты. 11 қазан 2019, 10:18 1 800 просмотра
​Зеленский 14 сағат бойы баспасөз мәслихатын өткізіп, рекорд орнатты Әлемде

​Зеленский 14 сағат бойы баспасөз мәслихатын өткізіп, рекорд орнатты

Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Оның журналистермен әңгімесінің трансляциясын Президент кеңсесі Facebook желісінде таратты, - деп хабарлайды Lenta.ru.   11 қазан 2019, 09:29 1 949 просмотра
​Ердоған Трампқа қарата мәлімдеме жасады Әлемде

​Ердоған Трампқа қарата мәлімдеме жасады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 1998 жылы Адана қаласында Анкара мен Дамаск арасында қол қойылған келісімге сай түрік әскерлері Сүрияда трансшекаралық операция жүргізуге құқылы деп мәлімдеді.  10 қазан 2019, 12:13 2 781 просмотра
Украина Ресеймен газ келісімшартын жасасудан бас тартты Әлемде

Украина Ресеймен газ келісімшартын жасасудан бас тартты

Украина Ресеймен газ транзиті туралы келісімшартты бір жылға ұзартқысы келмейді, өйткені Киев "еуропалық ережелерге сәйкес" ұзақ мерзімді келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Украина премьер-министрі Алексей Гончарук мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. 10 қазан 2019, 11:02 2 312 просмотра
Түркия Сирияға шабуылдап, Анкараға АҚШ санкция салатынын жариялады Әлемде

Түркия Сирияға шабуылдап, Анкараға АҚШ санкция салатынын жариялады

АҚШ Конгресі Сенатының мүшелері Сирияға әскери шабуыл жасағаны үшін Түркия билігі мен бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы санкция енгізу туралы ұсыныс жасады. Американлық екі партия қол қойылған тиісті құжат жобасын республикашыл Линдсей Грэм жариялады, деп хабарлайды Life. 10 қазан 2019, 10:55 2 113 просмотра
Ресей мен Солтүстік Корея жалған ақпаратпен "бірігіп күреседі" Әлемде

Ресей мен Солтүстік Корея жалған ақпаратпен "бірігіп күреседі"

Ресейдің ТАСС агенттігі және Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі Пхеньянда әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойды. Екі агенттік жалған ақпаратпен бірігіп күресуге уағдаласты. 10 қазан 2019, 09:36 2 231 просмотра
Химия бойынша Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді Әлемде

Химия бойынша Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді

Стокгольмде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды. Биыл бұл сыйлық литий-ион аккумуляторын ойлап тапқан үш ғалым: Джон Гудэнаф (АҚШ), Стэнли Уиттинхэм (Ұлыбритания) және Акира Ёсиноға (Жапония) берілді. 9 қазан 2019, 17:05 2 860 просмотра
​Венесуэла оппозициясы үкіметке қарсы ірі ереуілге дайындалуда Әлемде

​Венесуэла оппозициясы үкіметке қарсы ірі ереуілге дайындалуда

Венесуэла оппозициясы 24 қазанда Сулияның солтүстік-батыс штатында үкімет саясатына қарсы наразылық акциясын өткізбек. Бұл туралы венесуэлалалық оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдоның мәлімдемесіне сілтеме жасаған Union Radio радиостанциясы хабарлады.  9 қазан 2019, 11:54 2 225 просмотра
Бакуде бейбіт жиын өткізу құқығын талап еткендерді ұстады Әлемде

Бакуде бейбіт жиын өткізу құқығын талап еткендерді ұстады

Әзербайжан астанасы Бакуде 8 қазанда полиция бейбіт жиын өткізу құқығын талап еткендерді ұстады. Кейбір дереккөздер рұқсат етілмеген акция кезінде 30 адамның ұсталғанын хабарлады. 9 қазан 2019, 09:44 2 115 просмотра
2020 жылдан бастап Өзбекстанда әншілер тойларда келісімшарт арқылы ғана өнер көрсетеді Әлемде

2020 жылдан бастап Өзбекстанда әншілер тойларда келісімшарт арқылы ғана өнер көрсетеді

Қоғамдағы орын алып жатқан түрлі той-жиындарында келеңсіздіктер мен ысырапшылдықты жою мақсатында Өзбекстан Парламенті той-жиындар мен басқа да шараларды өткізуге байланысты арнайы заң қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.  8 қазан 2019, 16:56 2 929 просмотра