Пәкістанның оңтүстік-шығысындағы Белуджистан провинциясындағы Serena қонақүйінің көлік тұрағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Reuters.
Салдарынан шамамен төрт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған. Жарылысты жергілікті тұрғындар оқиға болған жақтан бірнеше шақырым жерден естіген. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері келіп, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізді.
Болжам бойынша, терактті ұйымдастырғандар қонақүйде қалған Қытай елшісін өлтірмек болған. Пәкістанның ішкі істер министрі Рашид Ахмадтың сөзінше, Қытай елшісі Нонг Ронг жарылыс болған уақытта іс-шарада жүрген. Ал жарылыс дипломат қонақүйге келерден бұрын бірнеше минут бұрын болған.
Белуджистан провинциясының ішкі істер министрі Зиаулла Ланго тілшілерге Нонгтың іссапары бейсенбіде аяқталатынын хабарлаған.