Өткен аптада Үндістан тәулігіне коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты: онда бір тәулік ішінде 300 мыңнан астам жағдай тіркелуде, деп хабарлайды zakon.kz.
Үндістанда не болып жатыр. РБК агенттігі өз фоторепортажын ұсынды.
Оттегі маскасын киген адам Ахмедабадтағы коронавирус науқастарды қабылдайтын ауруханаға жату үшін өз кезегін күтіп отыр.
Үндістанда бірнеше күн қатарынан 300 мыңнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды, бұл - әлемдік рекорд. Соңғы рет АҚШ-та қаңтарда күніне 297 мың науқас тіркелген еді.
Мумбайда дала госпиталі құрылды.
Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі клиникаларда бос орын жоқ, науқастар көп екенін айтты. Сондай-ақ, науқастарды оттегімен қамтамасыз ету жағынан проблемалар бары айтылды.
Ахмедабадтағы коронавирус науқастарға арналған аурухана жанындағы жедел жәрдем көліктері.
Науқастарға орындардың болмауына байланысты әртүрлі қалаларда уақытша ауруханалар пайда болды, мысалы, Делиде мұндай аурухана мектеп аумағында орналастырылған. Онда аурухана төсектері, сондай-ақ оттегімен қамтамасыз ететін жабдықтар орнатылды.
Джаммудағы адамдарға ақпараттық науқан аясында маскалар мен сабын таратылып жатыр.
Жұмысшы автомобильге бос оттегі баллондарын салып жатыр, оны толтыру үшін Ахмадабадқа бару керек.
Гувахатидегі жабық стадионда адамдарға вакцина салынып жатыр.
ДДҰ мәліметтері бойынша, Үндістанда вакцинаның 130 миллионнан астам дозасы қолданылған. "Әлемдік дәріхана деп аталатын ел халқының 1,5% -дан азының вакцинациялануы - түсінуге қиын қателік", - дейді бұрынғы үнді үкіметінің экономикалық кеңесшісі және Корнелл университетінің профессоры Каушик Басу.
Рамаяна эпосындағы үнді құдайларының киімін киген артистер Бангалордағы ақпараттық науқан аясында жұртқа маска кигізіп жүр.
Өткен жылдың соңында Үндістанда коронавирустың жаңа қос мутациясы тіркелді. Ел үкіметі сәуірдің ортасында қос мутация Бельгия, Австралия, Германия, Ирландия, Намибия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ-та да анықталды деп мәлімдеді.
Күзетші Уттар-Прадеш штатындағы Праяградждегі жекеменшік ковид науқастарға арналған ауруханада орын жоқ екені туралы хабарлама іліп жатыр.
Ауру жұқтырушылар көп тіркелген Уттар-Прадеш штатында шектеулер енгізгісі келді. Алайда бұл шаралар тоқтатылды, өйткені Жоғарғы Сот өзіне келіп түскен шағымды қанағаттандырды.
Өрмекші адам киімін киген адам Мумбайдағы аялдамаларды зарарсыздандырып жүр.
Ірі діни мерекелердің бірі - Кумбх Мела қажылығы инфекцияның жаппай таралуына түрткі болуы мүмкін деген алаңдаушылық болды. Фестиваль наурыз айында басталып, сәуірдің соңына дейін жалғасады. Діндарлар Ганга өзеніне жан мен тәннің тазарту үшін суға түсіп, жуынады. Мерекеге қатысу үшін Хардвар қаласына 150 миллионға жуық адам келеді деп күтілген.
Делидегі аялдамадағы мигранттар, олар елде енгізілген карантинге байланысты үйлеріне қайтарылды. Демалыс күндері коменданттық сағат болады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ ауруханалар, дәріханалар мен азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастырады.
Муниципалдық шенеуніктер Праяградждағы ластану аймағын жауып жатыр.
Коронавирустың таралуына елдің премьер-министрі Нарендра Моди қатысқан сайлау митингілері де әсер етуі мүмкін. Алайда, айтылған сыннан кейін Моди 500 адам ғана қатысатын митингтерде сөз сөйлеуге келісімін берді.
Нью-Делидегі крематорий.
Коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың жақындары ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бір крематорий өз процедурасын автотұрақта жүзеге асыруға шешім қабылдаған.
Сондай-ақ, АҚШ-тың Үндістанға COVID-19-ды анықтайтын тесттер мен жасанды тыныс алуға көмектесетін құрылғылар жеткізуге уәде еткені хабарланды.
Пандемия басталған кезде біздің ауруханалардағы жағдай шиеленіскен кезде Үндістан да АҚШ-қа көмек жіберген. Сол секілді Америка Құрама Штаттары да Үндістанға қиын кезеңдерде көмектесуге бел буды, деп мәлімдеді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан.
Премьер-министр Нарендра Моди бұл жағдайды "коронавирустық дауыл" деп сипаттады. Reuters-тің хабарлауынша, вирустың жаңа, үнділік нұсқасы аурудың кең етек жаюына себеп болуы мүмкін.