Атырау, 25 қараша 08:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

2 543 просмотра

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 сәуірде өткен референдумда қабылданған республиканың жаңа Конституциясына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Жапаров "Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы" Қырғыз Республикасының Заңына қол қойған.

Айта кетейік, негізгі Заңның жаңартылған нұсқасын қолдап 79,3 пайыз, қарсы 13,7 пайыз дауыс берген. Қатысқандар саны 36,6 пайыз болған. Шара 11 сәуірде, бір күнде 28 қала мен 420 аймақта жергілікті сайлаумен өтті.

Кейбір қырғызстандық БАҚ пен азаматтық белсенділер Конституция жобасын "ханституция" деп сынға алған, ал Садыр Жапаровты билікті тартып алуға әрекет жасады деп айыптады.


5 мамыр 2021, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.