Атырау, 25 қараша 09:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үндістандағы жапон автоконцерні зауытын жапты

3 258 просмотра

Жапонияның Suzuki көлік шығарушы компаниясы Үндістанда автомобиль шығаруды тоқтатады. Бұл елде COVID-19 вирусына шалдыққан пациенттер санының күрт өсіп, оларды емдеу үшін қолданылатын өнеркәсіптік оттегінің тапшылығын қысқарту мақсатында жасалатын әрекет болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат NikkeiAsia-ға сілтеме жасап. 

Сенбіден бастап 9 мамырға дейін Maruti Suzuki Манесара мен Гуруграмадағы екі зауытын жабады. «Қазіргі жағдайда бізге қолжетімді оттегінің барлығы адам өмірін құтқаруға қолданылуы тиіс деп санаймыз», - делінген Maruti Suzuki мәлімдемесінде. 

Suzuki Motor Gujarat та өз зауытының жұмысын тоқтатады. Toyota Kirloskar Motor компаниясы Карнатака штатындағы Бидадиде екі зауытының 14 мамырға дейін созылатын жыл сайынғы техникалық қызмет көрсетуге кіріскенін хабарлады. Қазіргі кезде коронавирус инфекциясының екінші толқынымен күрес жүргізіп жатқан Үндістан оттегінің күрделі тапшылығына тап болған.

29 сәуір 2021, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.