Атырау, 25 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Навальныйды түрмеден ауруханаға ауыстыратын болды

2 929 просмотра

Сотты болған оппозиционер Алексей Навальный колониядан сотталушыларға арналған облыстық ауруханаға ауыстырылады, - деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланады, оны күн сайын терепевт-дәрігер тексереді. Науқастың келісімімен оған витаминдік терапия тағайындалды, - деді Ресейдің Федералды қылмыстық-атқару қызметі.

Аурухана Владимир облысындағы ИК-3 аумағында орналасқан. Алексей Навальныйдың жақтастары оның жағдайы өте қиын деп санайды.

31 наурызда Навальный медициналық көмекке зәру болғандықтан аштық жариялады. Бұған дейін саясаткер белі мен аяғының қақсайтындығына шағымданған. Сондай-ақ, оны "қашуға бейім" мәртебесіне байланысты сағат сайын түнде оятып тексерген көрінеді. Осыдан кейін Навальный ауырып қалған: оның дене қызуы 38,1-ге дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болған. Оппозиционердің айтуынша, қазірдің өзінде оның камерасындағы үш сотталушыдан туберкулез анықталып, олар ауруханаға түскен.

19 сәуір 2021, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.