Келісімге қарамастан Еуропалық одақ елдері Украинаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жібермейді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Варшавада өткен бірінші Польша Конституциясының 230 жылдығына арналған шарада мәлім етті, - деп хабарлайды tengrinews.kz EADaily басылымына сілтеме жасап
"Біздің ел ештеңе алған жоқ. Бұл әділетсіз", - деді Зеленский. Ол қазір вакцинаның 200 миллион дозасын жеткізу туралы келісімдер бар екенін, бірақ ол жылдың аяғында - биыл үшінші немесе төртінші тоқсанда жеткізілетінін айтты.
Зеленскийдің айтуынша, Украина Ұлыбритания, Үндістан және АҚШ-пен келісім жасасқан. Бірақ қазір елде 1 миллионнан аз адам екпе салдырған.
"Бұл халық санын ескерсек, өте аз", - деді Зеленский.
3 мамырда Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степанов соңғы мәліметтер бойынша, пандемия кезінде елде 2,1 миллионға жуық COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелгенін айтты. Оның ішінде өткен тәулікте 2 758 жағдай. Елде 44 750 адам қайтыс болған. Тек 755,1 мың адам вакцина салдырған.