Атырау, 28 желтоқсан 05:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау -1
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Назарбаев дін саласындағы заңды қайта қарауды ұсынды Қазақстанда

Назарбаев дін саласындағы заңды қайта қарауды ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада дін саласындағы заңдарды өзгерту қажетін мәлімдеді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы ол дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министр Нұрлан Ермекбаевпен кездесуінде айтты. Кездесуде президент Ермекбаевтың елдегі діни бірлестіктер жұмысы туралы баяндамасын тыңдаған. 6 наурыз 2017, 17:29 2 740 рет қаралды
ҚР ИДМ Комитетінің басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрған - Ұлттық бюро  Қазақстанда

ҚР ИДМ Комитетінің басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрған - Ұлттық бюро

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басшылық еткен қылмыстық топтың қызметін әшкерелеп, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 6 наурыз 2017, 17:17 2 651 рет қаралды
БҒМ: Ештеңе өзгерген жоқ, бұдан кейін де өзгермейдi  Қазақстанда

БҒМ: Ештеңе өзгерген жоқ, бұдан кейін де өзгермейдi

Елiмiздiң жоғары оқу орындарында қазақ тiлi мен әдебиетi кафедралары жабылды деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР БҒМ вице-министрi Эльмира Суханбердиева ОКҚ брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 6 наурыз 2017, 14:35 2 882 рет қаралды
Депутат Хаменова желідегі мазақ видеолар мен мемдердің көңілге тигенін айтты Басқа жаңалықтар

Депутат Хаменова желідегі мазақ видеолар мен мемдердің көңілге тигенін айтты

"Көңілге тиді, бірақ уақыт - емші". Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Парламент палаталарының біріккен отырысындағы сөзіне қатысты пайда болған видеолар мен мемдерге қатысты осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  6 наурыз 2017, 12:21 9 095 рет қаралды
Дәрігерлер: ОҚО-да далаға тастаған жаңа туған сәбидің жағдайы қалыпты Қазақстанда

Дәрігерлер: ОҚО-да далаға тастаған жаңа туған сәбидің жағдайы қалыпты

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылындағы мектептің бірінің ауласында 4- наурыз күні тастап кеткен жаңа туған баланың жағдайы қалыпты деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Асылбек Досалы. 6 наурыз 2017, 11:39 2 107 рет қаралды
Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайды – депутат  Қазақстанда

Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайды – депутат

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Отырыста баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 6 наурыз 2017, 10:26 1 799 рет қаралды
Парламент Конституцияға енгізілген өзгертулерді қабылдады   Қазақстанда

Парламент Конституцияға енгізілген өзгертулерді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  6 наурыз 2017, 09:52 3 400 рет қаралды
Трамп конгрестен Обама әкімшілігінің "аңду әрекеттерін" тексеруді сұрады Әлемде

Трамп конгрестен Обама әкімшілігінің "аңду әрекеттерін" тексеруді сұрады

АҚШ президенті Дональд Трамп конгрестен бұрынғы президент Барак Обаманың әкімшілігі 2016 жылы президент сайлауы кампаниясы кезінде өзінің тергеу өкілеттілігін асыра пайдаланған жоқ па деген мәселені анықтауды сұрады. 4 наурызда Трамп Обаманы Нью-Йорктегі өзінің кеңсесіне аңду құрылғыларын орнатуға бұйрық берді деп айыптаған. Бірақ президент айыптауына дәлел ұсынбады. Обаманың өкілі Трамптың тұжырымын "жалған" деп жоққа шығарды. 6 наурыз 2017, 09:41 2 275 рет қаралды
Ердоған үгіт-насихат кампаниясына рұқсат бермеген Германияны сынады Қазақстанда

Ердоған үгіт-насихат кампаниясына рұқсат бермеген Германияны сынады

Түркия президенті Режеп Ердоған Германия билігін Түркиядағы президент билігін күшейту жөнінде референдум қарсаңында бірнеше агитациялық маршын өткізуден бас тартқаны үшін қатаң сынады. Ердоған Германияның саясатын нацистердің саясатымен салыстырды. Өткен аптада Германия билігі елде екі маршты өткізуге берген рұқсатынан қайта бас тартқан. Ресми Анкара бұл марштар кезінде Германиядағы бір жарым миллион түріктің қолдауына ие болмаққа үміттенген. 6 наурыз 2017, 09:26 1 524 рет қаралды
Конституция: Атыраудан сайланған депутат ҚР-дағы тұлғаның рөлі туралы Саясат

Конституция: Атыраудан сайланған депутат ҚР-дағы тұлғаның рөлі туралы

Атырау облысынан сайанған парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл ХАМЕНОВА биліктің өклеттігін қайта бөлу мәселелері бойынша парламенттің бірлескен отырысында  Конституцияға президенттің айрықша рөлін айқындауды ұсынды және мемлекет басшысының есімін астана мен сондағы әуежайға беру туралы депутаттық идея туралы тағы бір еске салды.   Сурет 4 наурыз 2017, 22:45 11 302 рет қаралды
Конституция: түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, енді екінші оқылымға дайындайды Саясат

Конституция: түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды, енді екінші оқылымға дайындайды

3 наурызда ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша парламент палатасының бірлескен отырысы өтті. 4 наурыз 2017, 23:20 8 239 рет қаралды
​Қорғана біл, журналист Басқа жаңалықтар

​Қорғана біл, журналист

Алматыда журналистер мен блогерлерге арналған «Құқықтық, цифрлық және физикалық қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында үшкүндік тренинг өтті. Тренингті «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен халықаралық «Артикль19» құқыққорғау ұйымы ұйымдастырды. 3 наурыз 2017, 20:45 2 873 рет қаралды