Атырау, 24 желтоқсан 19:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған Қазақстанда

Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды, - деп хабарлады Ақ орда сайты. 14 қаңтар 2020, 11:03 2 456 рет қаралды
Сенатор Кори Букер демократтардың сайлау кампаниясынан шығып қалды Әлемде

Сенатор Кори Букер демократтардың сайлау кампаниясынан шығып қалды

АҚШ-та Нью-Джерси штатынан сенатқа сайланған, демократтардың президент сайлауына үміткерлерді іріктеу кезеңіне қатысқан Кори Букер сайлауалды кампаниядан шығатынын мәлімдеді. Афрокамерикалық Букер жақында іріктеу кезеңіне қатысып жатқан үміткерлер арасында барған сайын этникалық және нәсілдік алуандықтың азайып бара жатқанына қапаланған. 14 қаңтар 2020, 10:51 2 175 рет қаралды
Тайғақта дрифт жасаған атыраулықтар жазаланды Басқа жаңалықтар

Тайғақта дрифт жасаған атыраулықтар жазаланды

Атырауға қар жауысымен жергілікті желікпе жүргізушілер мұны атап өтіп, әлеуметтік желі үшін бейнежазба түсіруге асықты. Мысалы, интернетте әр түрлі маркалы бірнеше машинаның жақында ғана жылу желісі тіреулерінің бүлінуі салдарынан жабылған орталық көпірдің маңында дрифт жасағаны түсірілген бейнежазбасы пайда болды. Бейнежазба 14 қаңтар 2020, 10:36 2 867 рет қаралды
Атырау Түркістанда миллиард теңгеге мәдениет орталығын салады Басқа жаңалықтар

Атырау Түркістанда миллиард теңгеге мәдениет орталығын салады

2019 жылдың желтоқсанында Атырау облысының құрылыс басқармасы мемлекеттік сатып алулар сайтында «Түркістан қаласында “Әзірет Сұлтан”  тарихи-мәдени қорығы маңында  “Ұлы Дала Елі” орталығының құрылысына лот жариялады (1 - кезең). Сурет 14 қаңтар 2020, 10:40 3 699 рет қаралды
Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер Оқиға

Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер

Атырау қаласының №2 сотында «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды. Жергілікті тұрғын адамдарға жаңа элиталық «Zaman» тұрғын үй кешенінен арзан пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алысымен хабарсыз кететін болған.   13 қаңтар 2020, 17:25 3 387 рет қаралды
Украина Иранда құлаған ұшақ ісін "қасақана кісі өлтіру" бабымен тексереді Әлемде

Украина Иранда құлаған ұшақ ісін "қасақана кісі өлтіру" бабымен тексереді

Украина қауіпсіздік қызметі Иранда құлаған ұшақты қылмыстық істің үш бабы бойынша тексереді. Біріншісі - "қасақана кісі өлтіру", екіншісі - "қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу", үшіншісі – "мүлікті қасақана жою" баптары. 13 қаңтар 2020, 16:38 3 448 рет қаралды
​Сот Оксана Теннің полицейлердің үстінен жазған арызын қанағаттандырмады Қазақстанда

​Сот Оксана Теннің полицейлердің үстінен жазған арызын қанағаттандырмады

Сот Оксана Теннің полицейлердің үстінен жазған арызын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фигуристің анасы тергеуді қайта жүргізуді сұраған болатын. 13 қаңтар 2020, 16:30 2 637 рет қаралды
Елордада тісін емдеткеннен кейін комаға түскен баланың жағдайы әлі ауыр Қазақстанда

Елордада тісін емдеткеннен кейін комаға түскен баланың жағдайы әлі ауыр

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова елордада тіс емханасында емделіп, шыққаннан кейін ес-түссіз қалған қыз баланың жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  13 қаңтар 2020, 16:18 2 753 рет қаралды
Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды Оқиға

Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды

9 қаңтарда таңғы сағат  05.40 шамасында  Атырауда екі ер адам С. Датов көшесінде орналасқан жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 268 мың теңгені алып кеткен. Бейнежазба 13 қаңтар 2020, 15:52 4 368 рет қаралды
Орталық көпір жабық, қалалық әкімдік үнсіз отыр Басқа жаңалықтар

Орталық көпір жабық, қалалық әкімдік үнсіз отыр

10 қаңтарда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін (Шұғыл жиналыс сағат 18.40-қа дейін созылды) қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі журналистерге орталық көпірдің жабылуына қатысты баспасөз хабарламасын беруден бас тартты. Тек «оңай шешілетін мәселе емес» деп қысқаша қайырды. Қала тұрғындары демалыс күндері орталық көпір ашылады деп үміттенген еді, бірақ бүгін де әлі жабық. Бейнежазба 13 қаңтар 2020, 14:20 3 675 рет қаралды
Құлсары маңында қоқыс сұрыптау зауыты іске қосылды Басқа жаңалықтар

Құлсары маңында қоқыс сұрыптау зауыты іске қосылды

Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 6 шақырым жерде «Жылыой-тазалық» ЖШС өз қаржысына тәулігіне 100 тонна қатты қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт ашты.  Тұрмыс қалдықтарын жинаумен айналысатын кәсіпорын бұрын қалдықтарды қоқыс алаңында көмумен шектеліп келген еді. 13 қаңтар 2020, 13:41 3 500 рет қаралды
Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты Қазақстанда

Латын әліпбиі: ұлттық комиссия бірнеше нұсқаны қарап шықты

Үкімет жанындағы ұлттық комиссияның өкілдері латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасын қарап шықты. Ал орфографиялық жұмыс тобы өз ескертуін жасады. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген комиссия мүшесі, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов әрбір нұсқаны жеке-жеке таныстырды. 13 қаңтар 2020, 12:34 3 381 рет қаралды
Нұр-Сұлтанда елуден астам әйел жәрдемақыға наразылығын білдірді Қазақстанда

Нұр-Сұлтанда елуден астам әйел жәрдемақыға наразылығын білдірді

Нұр-Сұлтан қаласында елуден астам әйел еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне барып, наразылық білдірді. Олардың сөзінше, үкімет көп балалы отбасыларға ғана жәрдемақы беріп, қалған отбасыларды ескермеген. 13 қаңтар 2020, 11:55 2 853 рет қаралды
Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады Қазақстанда

Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған Сұлтаны  Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және Өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Ақорда. 13 қаңтар 2020, 11:46 1 674 рет қаралды
Иран Украина ұшағын неге атып түсіргенін түсіндірді Әлемде

Иран Украина ұшағын неге атып түсіргенін түсіндірді

Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің операторы "Украинаның халықаралық әуе жолына" (UIA) тиесілі Boeing 737-800 ұшағын қателесіп жаудың нысаны ретінде хабарлады. Бұл туралы Ислам Революциялық Сақшылар корпусының әскери ғарыштық күштерінің қолбасшысы Амир-Али Хажизаде айтты, деп хабарлайды Lenta.ru. 13 қаңтар 2020, 10:48 2 645 рет қаралды
​Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40%-ға қысқартылды Қазақстанда

​Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерге арналған квота 40%-ға қысқартылды

Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шекті саны 2020 жылға республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 29 292 бірлікті немесе 0,32%-ды құрады. 13 қаңтар 2020, 10:40 2 358 рет қаралды
​АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды Әлемде

​АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды

АҚШ Иракты қандай жағдайда дағдарысқа түсіретінін айтты Ирактың солтүстігінде орналасқан әскери-әуе күштерінің "Балад" базасына соққы жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатқан, - деп хабарлайды REUTERS. 13 қаңтар 2020, 10:07 2 500 рет қаралды
Шереметьеводағы 41 адам қаза тапқан әуе апатының себебі анықталды Әлемде

Шереметьеводағы 41 адам қаза тапқан әуе апатының себебі анықталды

Тергеу Шереметьево әуежайындағы «Аэрофлот» әуе компаниясыныа тиесілі Sukhoi Superjet ұшағының апатқа ұшырауына экипаж командирі Денис Евдокимов кінәлі деген ұйғарым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  13 қаңтар 2020, 09:51 2 830 рет қаралды